Домой Новости области Көкшетауда «Өз таңдауыңды жаса» бағдарламасының тұсауы кесілді

Көкшетауда «Өз таңдауыңды жаса» бағдарламасының тұсауы кесілді

257
0

Еліміз Тәуелсіздік алғалы Ақмола облысында жиырмадан астам жастар бірлестіктері құрылған. Олардың қызметі жастар бастамаларын қолдауға бағытталған. Көкшетауда «Өз таңдауыңды жаса» бағдарламасының тұсауы кесілді. Шара барысында қаладағы оқу орындарының бірінші курс студенттері жастар ұйымдарының саясатымен танысып, өз бағыттарын таңдау мүмкіндігіне ие болды.

«Өз таңдауыңды жаса» бағдарламасы жастардың бейімделуіне, болашағынан зор үміт күттіретін студенттермен жұмыс істеуге ықпал етеді. Облыстық жастар-ресурстық орталығы құқықтық сауаттылықты, СӨС және қоғамдық белсенділікті насихаттайды.

Іс-шараға «Медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері де қатысты. Оның құрамында Көкшетау қаласының 70 шақты студенті бар.

Ақмола облысында медициналық бағытта жұмыс істейтін тағы бір еріктілер ұйымы бар. Ол «Қызыл Жарты ай» қоғамы. Еріктілерге халықаралық стандарттарға сәйкес алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретеді.

Шара барысында жастарға арнайы мамандар жұмысқа орналасу, психологиялық көмек және кәсіпкерлік туралы кеңес берді. Бұл бағдарлама жұмыссыз жүрген жастардың санын азайту мақсатында қолға алынған.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму