Домой Общество Ақмола облысында балалар қозғалысы көшбасшыларының форумы өтті

Ақмола облысында балалар қозғалысы көшбасшыларының форумы өтті

365
0

Өңірде онлайн форматта ел Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған балалар ұйымдары мен мектептегі өзін-өзі басқару органдары көшбасшыларының «Мен – елімнің ертеңімін!» атты форумы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Іс-шараны Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» ҚБ ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумның мақсаты-балалар қоғамдық ұйымдарының рөлі мен мәртебесін арттыру, балалардың әлеуметтік бастамаларын жандандыру, өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және «Жас Ұлан» қозғалысын дамыту.

Форумға қатысушыларға «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы басшысының міндетін атқарушы Аягөз Алдабергенова құттықтау сөз сөйледі.

«Биыл форум Отанымыздың Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтуде. Өкінішке орай, пандемияға байланысты біз онлайн режимінде кездесіп отырмыз, бірақ келесі жолы бір-бірімізбен кездесіп, сөйлесіп, жетістіктерімізді көрсете аламыз деп үміттенемін. Барлық қатысушыларға табыс және жаңа жетістіктер тілеймін», — деді Аягөз Алдабергенова.

Іс-шара аясында ҚР БҒМ республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Салтанат Салбенбекова, Ақмола облысының «Жас Ұлан «бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» ҚБ төрайымы Назерке Жамалиева, Есіл, Бурабай, Атбасар аудандары мен Көкшетау қаласының балалар ұйымдарының көшбасшылары сөз сөйледі.

Қатысушылар өз жұмыстары туралы белсенді әңгімелеп, сұрақтар қойып, өңірдегі балалар қозғалысын дамыту бойынша идеяларымен бөлісті.

Форум жұмысына 12 аудан, Көкшетау және Степногорск қалаларынан 100-ге жуық өкіл қатысты.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму