Домой Новости Кокшетау Мнение «Жаңаөзен — әр қазақтың сөзін айтты», — Танагөз Толқынқызы

«Жаңаөзен — әр қазақтың сөзін айтты», — Танагөз Толқынқызы

819
0

Қазақстандық продюсер, ақын Танагөз Толқынқызы Жаңаөзендіктерге қолдау көрсетті. Өзінің Фейсбуктегі парақшасында ол мынадай жазба қалдырды. ⠀Жаңаөзендіктерді сүйемін!⠀
Жаңаөзендіктерді құрмет тұтамын!⠀
Сыйлаймын оларды!⠀

Оқ атып қырып тастағаннан кейін де фенникс құсындай күлден қайта түлеп тұру үшін қандай беті қайтпайтын қантасқын рух керек!⠀

Олардың сөзінде қате жоқ! ⠀
Олардікі 100 пайыз дұрыс!⠀
Жаңаөзен — әр қазақтың сөзін айтты!⠀
Олардың талабы — әр қазақтың талабы!⠀

Ол тек Жаңаөзен емес тұтас қазақтың жоғын айтты, шындығын алаңға алып шықты. ⠀

Жай ұранды сөз алып шыққан жоқ. Қордаланған күрделі қазақ проблемасын шешуді талап етіп шықты. ⠀

Және олар соңына дейін тұрады! ⠀
Сол үшін мен оларды сүйемін!⠀
Азаматсыңдар! Ерсіңдер! ⠀
Әр жаңаөзендік – менің жалғызым!⠀
Олардың төбесінен бір тал шашы түссе, бүкіл Қазақстан көтеріледі!⠀

Күш көрсетуге, қамауға, оқ атуға, жаншып-таптауға, халықты қырып тастауға жол жоқ!⠀

Құрметті оқырман! Сіздер Танагөздің сөзімен келісесіздер ме? ⠀

#Жаңаөзен #газ #Қазақстан #жаңалықтар

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму