Домой Общество Астрахан ауданында тілдер мерекесінің онкүндігі қортындыланды

Астрахан ауданында тілдер мерекесінің онкүндігі қортындыланды

767
0

Астрахан ауданында Қазақстан халқы тілдері онкүндігін өткізу бойынша 20 шара өткізілді, 450 адам қамтылды. Жол картасы бойынша Жалтыр ауылының 28 көшесін, Новочеркасское — 6 қайта атау бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл туралы толық ақпаратты Астрахан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Гульнара Карасаева атап өтті, деп Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Астрахан ауданында Қазақстан халқы тілдері күні шеңберінде ұйымдастырылған тілдер онкүндігі қыркүйек айының 5-16 аралығында өткізілді.

5 қыркүйек күні Астраханда Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – татулық пен достықтың тірегі» тілдер онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. тОрталықтандырылғын кітапхана жүйесінің қызметкерлері «Туған тілдің қазынасы» кітап көрмесін ұйымдастырды.

«Аудандық Мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушылары «Қазақша караоке-2022», «Өнерлі шаңырақ» аудандық байқауын, «Дархан даланың дара дауысы» жүргізушілер сайысын, «Тіл-асыл қазына» фестиваль концертін өткізді», — деп хабарлады Гульнара Қарасаева.

Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған онкүндік «Тіл-асыл қазына» фестиваль концертімен аяқталды.

«Онкүндікті өткізу бойынша іс-шаралардың бекітілген жоспары орындалды. Барлығы 20 шара өткізілді, 450 адам қамтылды», — деп айтты Қарасаева.

Ономастикалық жұмыс туралы Астрахан ауылдық округ әкімдерінің кеңесінде, Астрахан ауданының елді мекендерінің атауларын және көше атауларын қайта атау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«2022-2025 жылдарга арналған жол картасы бойынша, осы жылы Астрахан ауданында Жалтыр ауылының 28, Новочеркасское ауылының 6 көшесін қайта атау бойынша жұмыстар жүргізілді. Олар облыстық ономастикалық комиссияның оң қорытындысын алды және Ақмола облысының Әділет департаментіне тіркеуге берілді», — деп қорытындылады Қарасаева.
Алдағы уақытта Новочеркасское, Колутон, Оксановка ауылдарын қайта атау бойынша ауылдық округтердің әкімдерімен жұмыс жүргізілуде.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму