Домой Новости Казахстана Ермухамет Ертысбаев Соловьев.LIVE -тың сұрақтарына жауап берді

Ермухамет Ертысбаев Соловьев.LIVE -тың сұрақтарына жауап берді

1031
0

Тікелей эфирде нақты жауаптар берілді

Қазақстан Халық партиясының Төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Соловьев.LIVE деп аталатын YouTube арнасында Қазақстан мен Ресей сауда-экономикалық қатынастарына қатысты сұрақтарға жауап берді.

ҚХП басшысының кейбір дәйексөздерін назарларыңызға ұсынамыз:

«Ерте ме, кеш пе Еуропалық бизнес Ресей Федерациясына оралады. Ресей нарығы әлемдегі ең тартымды нарықтардың бірі. Сондықтан Мемлекет басшысы Үкіметке тағы да назар аударып, оның осы бағытта жұмыс істеуі үшін нақты тапсырма берді.»

«Біздің екіжақты қарым – қатынастарымызға келетін болсақ, олар әрқашан үлгілі, сенімді, әрқашан достық болатынына сенімдімін. Бұл тұрғыда Ресей әрқашан № 1 серіктес болып қала береді.»

«Сіз біздің Қазақстан Президентінің Санкт-Петербургтегі форумда сөз сөйлеген кезіндегі – эмиграциядағы Отанының соғыста жеңілуін қалайтын адамдардың барлығы, Путинге қарсы саяси күштер, Бірінші дүниежүзілік соғыстағы большевиктер сияқты өз Отандарының соғыстағы жеңілісін алға тартты. Олар Тоқаев Путинге, Ресейге қарсы шығуда деген сандырақты айта бастады. Мұның барлығы далбаса сандырақ. Ал біздің оппозиция Тоқаев Путинмен осындай ойын ойнауға алдын-ала келісті деген жабайы тұжырымдарын алға тарта бастады….»

YouTube-арнасының өтініші бойынша Ермұхамет Ертісбаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Уимблдон-2022-дегі сенсациялық жеңісінен кейін туындаған дау-дамайға да түсініктеме берді.

«Менің ойымша, сабырлықпен қарау керек. Бұл біздің ортақ жеңісіміз, үлкен спортты саяси мәселеге айналдырмайық, әсіресе Ресей мен Қазақстан арасында», — деді Ермұхамет Ертісбаев.

Эфирдің толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көре аласыздар

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму