Домой Без рубрики Қазақ тілін үйренушілердің саны артуда

Қазақ тілін үйренушілердің саны артуда

595
0

Рухани негізіміз — қазақ тілін барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту біздің басты міндеттерімізідің бірі. Ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз.

Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Ақмола облысында қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру арқылы қазақ тілін жаңғыртуға жан-жақты жағдай жасалуда, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Бүгінде өңірде мемлекеттік тілді оқытатын жиырма орталық жұмыс істейді. Оның біреу облыстық, он алтысы аудандық және үшеу қалалық орталық. Оқыту орталықтары екі бағытта: мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқытады.

«Оқу тегін жүргізіледі. Мемлекеттік тілді үйренем деушілерге Instagram, Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларымызда және БАҚ беттерінде материалдар жарияланып отырады», — деді облыстық оқыту әдістемелік орталығы директорының орынбасары Қуаныш Қажиахметов.

Оқу бесдеңгейлік Ұлттық Стандарт пен «ҚАЗТЕСТ» жүйесінің оқу-әдістемелік кешені бойынша жүргізіледі.Толық оқу курсын аяқтап, курстан өткен тыңдаушыларға сертификат беріледі.

Қуаныш Қажиахметовтың айтуынша биылғы оқу жылында 344 топта 3721 тыңдаушы оқып жатыр. Оның ішінде, жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2449 тыңдаушыны, басқа этнос өкілдері 1272 тыңдаушыны құрайды.Тыңдаушылардың арасында мемлекеттік, азаматтық қызметкерлер және т.б. бар. Аралық сынақтарда тыңдаушылар жақсы  нәтиже көрсетеді.

Сонымен қатар, өзге этностардың мемлекеттiк тiлдi оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, жеңіл әрі оңай жолмен ауызекі сөйлеу тіліне үйрету мақсатында Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының базасында Көкшетау қаласындағы бірнеше кәсіпорындардың қызметкерлері өз еркімен мемлекеттік тілді үйренуде.

Айта кетейік, облыстың аудандарында және қала орталықтарында «Тілдесейік, достар!» «Сөйле KZ», «Кел, қазақша сөйлейік!», «Қазақша сөйле!» сияқты тіл клубтары жұмыс істейді. Аталған клубтардың отырыстарында қатысушылармен коммуникативтік орта қалыптастырылады. Клубқа қатысуға ниет білдіріп, қызығушылығын танытып жатқан тіл үйренем деушілердің саны күннен-күнге артуда.

 

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму