Домой Новости области «Оқжетпес» футбол клубының балғын спортшылары қола жүлдені иеленді

«Оқжетпес» футбол клубының балғын спортшылары қола жүлдені иеленді

549
0

Түркістан қаласында өткен ел чемпионатында «Оқжетпес» футбол клубының балғын спортшылары қола жүлдені иеленді. 2011 жылы дүниеге келген жасөспірімдерден құралған командалар арасындағы бәсеке тартысты өтті.

Турнирге Қазақстанның әр өңірінен 16 команда қатысты. Финалдық кезеңде  балғын футболшылар командасы талдықорғандық қарсыластарын жеңді. Ақтық сында шымкенттік спортшыларға жол беріп, жүлделі үшінші орынды иеленді.

Жас спортшылар бірнеше ай бойы жарысқа  дайындалып, ата-аналарының үмітін ақтады.

Бүгінде ақмолалық спортшылар түрлі жарыстарда жақсы өнер көрсетіп, біршама оң нәтижелерге қол жеткізіп жүр.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму