Домой В регионах Щучинск қаласында 45 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй құрылысы басталды

Щучинск қаласында 45 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй құрылысы басталды

599
0

Щучинск қаласында 2018 жылдан бері жаңа пәтердің құрылысы салынбаған. Бұл туристік бағытта дамып келе жатқан қала үшін лайықты көрсеткіш емес, — деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев ауданға кезекті жұмыс сапарында. Сондықтан жоспардағы жаңа пәтер үйдің құрылысын тездетіп, жаңа жобалардың сметалық-құжаттарын дайындауды тапсырды.

Щучинск қаласында 45 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй құрылысы басталды. Жоба құны – 1 млрд. 600 млн.  теңге. Құрысқа жауапты мердігер – Қазбайлық Астана компаниясы.

Құрылыс 2022 жылы  қолданысқа берілуі тиіс. Әзірге үй салынатын аумақтағы ескі құрылыстар сүріліп, іргетасын қалауға дайындық аяқталған.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласындағы «Сарыарқа» шағын ауданының кірпіш үйлері секілді сапасыз болып шықпауын қадағалауды тапсырды. Сондықтан жергілікті атқамінерлер мердігерлерге талапты күшейту керек. Әрі Щучинск қаласының тұрғындарына кредиттік бағдарламалармен үй алуға мүмкін жасалуы керек, — деді өңір басшысы.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму