«Шахмат керуені» көрікті Көкшетауға табан тіреді. Оның аясында алғашқы іріктеу ойындары өтіп, облыстың әр өңірінен келген 20 шахматшы блиц бойынша сынға түсті. Олардың арасында жастармен қатар егде жастағы кісілер де бар. Ереже бойынша қатысушылар жас ерешеліктеріне қарай топ-топқа бөлінген жоқ. Жүзден жүйрік шыққан ойыншы Түркістан қаласында өтетін республикалық турнир жолдамасын ұтып алады. Сонымен қатар облыста алғаш рет шахмат федерациясының филиалы ашылып, оның жұмыс жоспары таныстырылды. Бейбіт Жүсіпов, Қазақстан шахмат федерациясы филиалының төрағасы: — Биылғы жылдан бастап шахматты дамыту үшін жеті жарым мың бала қатысатын факультативті секциялар құрылды. Бұл білім ошақтарында. Осы жұмысты әрі қарай дамытамыз. Федерация алғаш рет құрылып отыр облыста. Алда біраз межелер бар. Балалардың ойлау қабілетін дамыту үшін мектепке дейінгі мекемелерден бастау керек. Одан кейін мектепте, студенттердің арасында, үлкен зиялы қауымның арасында да осы спортты дамытуға федерация күш жігерін салады.