Сандықтау ауданында 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілмек

Оған республикалық қазынадан 297,5 млн теңге бөлінді. Бұл туралы  өңірлік коммуникациялар қызметінің аланында өткен брифингте Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков баяндады.Сонымен қатар ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық ,өнеркәсіптік өнім өндірісінің деңгейін көтергенін атап өтті.

Сандықтау ауданында жалпы инвестиция көлемі 6 млрд теңгеден 12 млрд теңгеге дейін өскен.Жыл басынан бері 5 жоба жүзеге асырылған.Шағын және орта бизнестің 1053 субьектісі тіркелген.Онда  162 жаңа жұмыс орны құрылған.Ауданның негізгі даму саласы –ауыл шаруашылығы. Биыл 309,8 мың гектар егін жиналған.

Ауданда ірі қара мал басының өсі динамикасы байқалады.Ірі қара мал-107,6% ,Ұсақ мал-110,5,жылқы-106,5,құс 102,шошқа-100,2 пайызға өскен.

«Петровка-Каменка» бағыты бойынша ұзындығы 38 шақырым болатын облыстық маңызы бар автожолдың орташа жөндеу жұмыстары аяқталған. Жоба құны -684 млн.теңге. 17 шақырымдық «Сандықтау-Новоникольское» автомобиль жолын орташа жөндеуге техникалық құжаттама әзірленді.

Ауданның білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға 77 млн жұмсалған. 3 мектептің шатыры қайта жөнделді.

Яндекс.Метрика