Домой В регионах Полтавка ауылының 7 шақырымға жуығы, Титовка ауылының 1,2 шақырым жолы орташа...

Полтавка ауылының 7 шақырымға жуығы, Титовка ауылының 1,2 шақырым жолы орташа жөндеуден өткен

532
0

Өңір аудандары мен ауыл тұрғындарын алаңдататын басты мәселердің бірі – жол. Еліміз тәуелсіздік алғалы облыс бойынша жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді.  Бұл мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттен миллиардтаған қаражат жұмсалуда. Мемлекет назарынан атбасарлықтар да тыс қалып жатқан жоқ.

Атбасар ауданында  республикалық маңызы бар 90 шақырым, облысқа қарайтын 136 шақырым жол бар. Ал, аудандық деңгейдегі жолдың ұзындығы 127 шақырым. Аудан әкімі Аманбек Қалжановтың мәлімдеуінше,  облыстық маңызы бар жолдардың аз бөлігі ғана жөндеуден өткен. Қалғаны уақыт пен қаражаттың еншісінде.

Аудан басшылығы көліктер жүретін ғана емес, жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың да сапасына назар аударып отыр. Айталық, былтыр жаяу жүргіншілерге арналған 22 шақырым, биыл 12 шақырым тротуар салынған.

Аудандағы жолдар сапасының жақсаруына айтарлықтай ықпал ететін бірден-бір бағдарлама – «Ауыл-Ел бесігі». Оның аясында Полтавка ауылының 7 шақырымға жуығы,  Титовка ауылының 1,2 шақырым жолы орташа жөндеуден өткен. Оған, шамамен, 200 млн.теңгеге жуық қаражат жұмсалыпты. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табады,-дейді аудан әкімі.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму