Домой В регионах Қорғалжын ауданындағы «Балауса» балабақшасы

Қорғалжын ауданындағы «Балауса» балабақшасы

2126
0

Биыл тәңір тарту еткен Тәуелсіздікке – 30 жыл! Осы уақыт аралығында орта, жоғары, кәсіптік білім берудің барлық саласы жүйеленді. Мектепке дейінгі білім мен тәрбиеге де тың серпін берілді. Шалғайдағы елдімекендерде де жаңа балабақшалар салынып, шағын орталықтар мен бөбекжайлар бой көтерді. Ал бүгінде өңірде 253 балабақша мен 343 шағын орталық бар. Сондай мекемелердің бірі -Қорғалжын ауданындағы «Балауса» балабақшасы.

«Балауса» балабақшасы – тәуелсіздік жемісі. Ел егемендігін алған алғашқы жылы ашылды. Қаншама бөбектер үшін білім мен тәрбиенің ошағына айналып отырған нысанда 140 бала тәрбиеленуде. Барлығы 6 топ жұмыс істейді. Жаңа технологиялармен жабдықталып, тәрбиеленушілерге барлық жағдай жасалған. Негізгі бағдарламадан тыс, түрлі үйірмелер мен қосымша сабақтар өткізіледі.

Балабақшада барлығы 20 педагог еңбек етеді. Оның 12-сі тәрбиеші. Балалардың шығармашылығын шыңдау үшін түрлі байқаулар ұйымдастырылады. Осы жылы бірнеше рет топ жарып, «Ханталапай», «Үздік тәрбиеші» жарыстарында жеңімпаз атанған.

Мамандар тәрбие берумен қатар оқытудың түрлі әдіс – тәсілдерін де тиімді пайдалануды көздейді. Мәселен, арт — терапия технологиясын қолдана отырып, тұлғаның дамуы мен логикалық ойлау қабілетін шыңдайды.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму