Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тоғыз жолдың торабындағы Жалтыр станциясы тотыдайын таранды

Астрахан ауданындағы Жалтыр темір жол станциясында кешегі кеңес кезеңінде 2000нан астам жергілікті тұрғындар еңбек ететін. Бірнеше мәрте қысқарудың, экономикалық дағдарыстың кесірінен тоқырау жылдары жұмыссыздар саны артып кетіп еді. Тәуелсіз 30 жылдың ішінде бұл елді-мекеннің де әлеуметтік -тұрмыстық жағдайы еселеп артты.

Жалтыр ауылдық округінің аумағында төрт елді-мекен бар. Оларда 4500-нан астам адам тұрып жатыр. Орталық қоныстағы тұрғындардың саны соңғы жылдары бірнеше есеге артты. Бұл орта және шағын бизнестің мықтап дамып, темір жол станциясындағы құрылымдардың қайта құрылуының нәтижесі болатын.

Жергілікті әкімнің Жалтырдағы жақсы істері жайлы әңгімесін қарт тұрғындар да қостап отыр. Жергілікті тұрғындардың көңіл-күйлері көтеріңкі. Олар қазіргі тұрмыс-тіршіліктерін риза.

Яндекс.Метрика