Биыл Есіл ауданының бірнеше саласында құлдырау байқалады

Есіл ауданында биыл мал басының саны өткен жылмен салыстырғанда азайып қалған. Аталмыш ауданда ірі қараның, жылқы, қой мен ешкінің, тіпті құстардың да саны төмендеген. Бұл туралы төртінші билік өкілдері алдында есеп берген аудан әкімі Еркебұлан Баяхметов мәлімдеді.

Биыл Есіл ауданының бірнеше саласында құлдырау байқалады. Мәселен, құрғақшылық кесірінен астықтың өнімділігі төмендепті. Бруцеллез ауруының шығуына байланысты жергілікті «Виктория» шаруа қожалығындағы ірі қара саны шамамен 200 басқа азайып қалса керек. Ал, құс санының төмендеуіне азықтың қымбаттауы әсер етті дейді аудан әкімі. Елді мекен тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мәселесі де шешімін күтіп тұрған сұрақтардың қатарында.

Тұрғындарды жұмыспен қамту – аудан басшылығының қатаң бақылауында. Жыл басынан бері, 400ден астам адам жұмысқа орналастырылса, «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша  90ға жуық адам оқуға жіберілген. Ал, денсаулық сақтау саласында маман тапшылығы әлі де байқалады.

Жергілікті кәсіпкерлер дәрігерлермен қатар, мұғалімдерді де баспанамен қамтып отыр. Бүгінгі таңда ауданда 28 мектеп, 25 балабақша бар. 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер 100 процент мектепке дейінгі білім беретін мекемемен қамтылған.

Яндекс.Метрика