Бүгінде аудан бойынша малмен айналысатын 141 шаруа қожалығы бар. Соның бірі — «Даниловка» серіктестігі. Аталған қожалық асыл тұқымды зеңгі баба тұқымын өсіріп, ауданды ет, сүтпен қамтамасыз етіп отыр.
2007 жылы ашылған серіктестік алғашында тек егін егумен ғана айналысып келген. Кейіннен мал басын көбейтуге ден қойған.
Ауыл шаруашылығын, соның ішінде, етті бағыттағы асыл тұқымды мал санын көбейту мақсатында 2019 жылдың басында ауыл шаруашылығын дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленген еді. Сол кезде ірі қара мал басын 27 мыңнан 40 мың басқа дейін жеткізу міндеті қойылған. Бүгінде алға қойған мақсатқа жету үшін жоспарлы түрде ілгерілеу бар.
Серіктестіктің техникалық базасы да жыл санап толығып тұрады. Бүгінде 10-ға жуық комбайн және басқа техникалар бар. Алдағы уақытта серіктестік иесі мал басын арттырып, жұмысын кеңейтуді жоспарлап отыр.