Домой В регионах Аудан жолдарының сапасы айтарлықтай жақсарып келеді

Аудан жолдарының сапасы айтарлықтай жақсарып келеді

635
0

Еліміз Тәуелсіздік алғалы Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы жақсарып, бірнеше бағыттар бойынша іргелі жылжулар анық байқалуда. Айталық, қалалық, аудандық және облыстық маңыздағы жолдарды жөндеу жұмыстарына жыл сайын миллиондаған қаржы жұмсалады. Нәтижесі – аудан жолдарының сапасы айтарлықтай жақсарып келеді.

Жолдарды жөндеуге қазынадан жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Оны тиімді пайдалану жергілікті әкімдік міндеті. Ал, атқарылған жұмыстарды жол активтері ұлттық сапа орталығының мамандары бақылауда ұстайды. Егер жөндеуден өткен жолдардың сапасы нашар болса, мердігер компания қайта жөндеу жұмыстарын өз қаражатына жүргізуге міндеттеледі.

Біржан сал ауданының жолдарын жөндеуге биыл өткен жылға қарағанда көбірек қаражат бөлінген. Сәйкесінше, атқарылған жұмыстардың да көлемі артық.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алып, апаттық жағдайларға тосқауыл болу да аудан басшылығының назарындағы сұрақ. Жолдардағы қауіпсіздікті қадағалау мақсатында аудан ішіне 200-ге жуық белгі, 10 бейне бақылау камерасы орнатылыпты. Осы күндері тағы 13-ін орнату жұмыстары жүріп жатыр,- деді аудан әкімі.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму