Домой В регионах Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамыды

Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамыды

467
0

Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамыды. Қазіргі ашық әлемдік экономика жағдайында жұмыс істеуге бейімделе бастаған еліміздің ауыл шаруашылығы саласы өзінің одан әрі тиімді дамуын қамтамасыз ететін жаңа кезеңге аяқ басты. Ауданда 1999 жылдан бері асыл тұқымды мал басының да көбеюі байқалып отыр.

Мал шаруашылығы — облыстың экономикалық көрсеткішін арттырудың басым бағыттарының бірі. Бүгінде Астрахан ауданында 70-ке жуық серіктестік бар.  Сонымен қатар, жыл сайынғы статистикаға сүйенсек, барлық түрдегі мал басының өсімі байқалады.

Қуаңшылыққа қарамастан дәнді дақылдардың шығымдылығы гектарына 10 центнерді құрады.  Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру және топырақ құнарлығын сақтау мақсатында аудан шаруашылықтарымен 1 млрд 751 млн теңгеге тыңайтқыш сатып алынған.

Аграрлық сектордың даму деңгейі әлеуметтік жағдайға оң әсер етуде. Ауыл шаруашылығындағы әлеуетті жобалардың арқасында шаруа қожалықтарының да жағдайы біршама жақсарған. Машина-трактор паркін заманауи құрал-жабдықтармен жаңарту бойынша шаралар қабылданып, өнімділігі жоғары техника алуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Жыл басынан бері 4 млрд 638 млн теңгеге 228 ауыл шаруашылығы техникасы атып алынды.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму