Астрахан ауданындағы жастар ресурстық орталығы ашылды

Білімді, еңбекқор, патриот жастар еліміздің ілгерілеуі мен тұрақты дамуының басты қозғаушы күші,-деп атап өтті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Тәуелсіздік жылдары көптеген жастар ұйымы құрылды. Жастармен жұмыс тек қалаларда ғана емес, аудан деңгейінде де жүргізілуде. Солардың бірі Астрахан ауданындағы жастар ресурстық орталығы. Онын негізгі мақсаты еліміздегі жастар саясатын ілгерілетуге бағытталған.

Жастар ресурстық орталықтары Ақмола облысының әр ауданында жұмыс істейді. Олар жастардың әлеуметтік және жеке дамуына ықпал етеді. Астрахан ауданы жастар ресурстық орталығының белсенділері ауыл тұрғындарына волонтерлік көмек көрсетеді. Сонымен қатар бос уақытты ұйымдастырумен айналысады.

Жастардың өзін-өзі басқар органдарындағы жұмысы мемлекеттік құрылымдарда қажетті дағдыларды игеруге ықпал етеді. Бүгінде Астрахан ауданының жастары белсенділер қатарында.

Отаншыл жастарды табысты мемлекеттілікке сара жол салушылар деп айтсақ артық емес. Жыл сайын өңір жастары барлық саланың дамуына зор үлес қосуда. Еліміздің ертеңі, мемлекеттің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында екені даусыз.

Яндекс.Метрика