Домой В регионах АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ 4 АЙДЫҢ ІШІНДЕ ЖАҢА МЕКТЕП ҒИМАРАТЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ 4 АЙДЫҢ ІШІНДЕ ЖАҢА МЕКТЕП ҒИМАРАТЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

534
0

Целиноград ауданының Төңкеріс ауылында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен жаңа модульдік мектептің ашылуы өтті.


110 оқушыға арналған бұл оқу кешені металдан жасалған 2 қабатты модульдік мектеп ғимараты болып табылады.
Жалпы ауданы 1585 м2 болатын жаңа мектепке шамамен 120 оқушы білім алатын болады. Жаңадан ашылған ауыл мектебі барлық заманауи талаптарға сай.

«Жаңа мектепте 14 оқу кабинеті бар. Әрбір оқу сыныбында интерактивті панельдер орнатылған. Жаңа модификациялы химия-биология кабинеті барлық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін ең заманауи жабдықтармен жабдықталған. Мамандандырылған оқу сыныптарынан басқа модульдік мектеп спорт залымен, асханамен, медициналық кабинетпен жабдықталған. Спорт залы спорттық жабдықтармен және мектепке қажетті барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Асхана, медициналық кабинет барлық заманауи талаптарға жауап береді. Музыка кабинеті музыкалық интрументпен толық жабдықталған. Мектеп жанында балалар және спорт алаңдары орнатылған», — дейді мамандар.

Бұл ретте, республикада алғаш рет қысқа мерзімде пайдалануға берілген мектеп ғимараты өрт, экологиялық және санитарлық қауіпсіздіктің барлық талаптарына сәйкес келетінін айта кету керек.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму