Домой В регионах Ақкөл ауданының су жаңа әкімі Юрий Курушин журналистер алдында есеп берді

Ақкөл ауданының су жаңа әкімі Юрий Курушин журналистер алдында есеп берді

629
0

Соңғы 10 айда Ақкөл ауданында ауыл шаруашылығының ішкі жалпы өнім көлемі 27 миллиард теңгені құрады. Егін алқаптарының 100 проценті жиналды. Бұдан бөлек, ауданның инфрақұрылымы да қарқынды дамып келеді. Дегенмен, орталықандырылған жылу мен интернет мәселесі әлі де өзекті.

Ақкөл ауданының су жаңа әкімі Юрий Курушин журналистер алдында есеп берді. Алдымен аудан басшысы ауыл шаруашылығындағы жетістіктермен бөлісті.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 139 мың гектар алқаптан 123 мың тонна астық жиналған. Орташа өнімділік гектарына – 9 центнер. Ауданда 6,1 мың гектардан майлы дақылдар, 7,6 мың гектардан мал азығы жиналды.

Ауданда орталықтандырылған жылу мәселесі өзекті. Әсіресе, орталықтағы тұрғындар талай шағым түсірген еді. Аудан әкімінің айтуынша, коммуналдық қазандықтар мен жылу желілері жылу маусымына әуел бастан дайын болыпты. Ол үшін бюджеттен 555 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген. Қазіргі таңда аудан бойынша 38 қазандық тоқтаусыз жұмыс істеп тұр.

Биыл Ақкөл ауданындағы жолдарды жөндеуге облыстық бюджеттен 684 миллион теңге бөлінді. Азат, Наумовка ауылдарындағы ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ауылдардың барлық көшелеріне асфальт төселді. Сондай-ақ, ауылдық округтердің орталық ауылдары Урюпинка, Жалғызқарағай, Новорыбинканың негізгі көшелері асфальтталды. Ауылдық округтердегі шағын ауылдар да назардан тыс қалмайды дейді аудан әкімі.  Бүгінгі таңда Кемеркөл, Өрнек, Сазды бұлақ, Қарасай, Амангелді және Рамазан ауылдарының жол желілері жөнделіп, қирыршық тас төселді.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму