Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті

Бірнеше күн бойы еліміздің барлық облыстарынан келген ең мықты деген бұрымды боксшылар күш сынасты. Бір қуанарлығы, өз шаршы алаңында Ақмола облысынан екі спортшысы алтын, біреуі күміс, біреуі қола медальға ие болды.

Ақтық айқасқа 48 және 81 келіден жоғары салмақтағы 12 жұп боксшы шықты. Олардың бәрі де алдыңғы кездесулерде өз қарсыластарынан басым түсіп, күміс және алтын медальдан үмітті арулар еді. Солардың қатарында жерлестеріміз — Дина Жоламан мен Карина Ибрагимова бар. Дина бірінші раундта Алматы облысынан келген боксшы Балауса Муздиманмен сауысқандай сақ бастады. Шаршы алаңға шығар алдында білікті бапкері Александр Высоцкий берген тапсырманы бұлжытпай орындады.

54 келі салмақта әлемдік жарыстарда жарқырап көрініп жүрген жерлесіміз Дина Жоламан Қазақстан Республикасының чемпионатында да өзінің мықты екенін дәлелдеді.

Қазақстанның 11 мәрте, Әлем және Азия чемпионы Дина қоғам қайраткері Ғәбдісәләм Жоламановтың қолында өсті. Бокс жанкүйерлері атынан боксшы қызға көңіл айтамыз.

Сондай-ақ, бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Ақмола облысының бұрымды боксшылары Әдел Ысқақова мен Валерия Аксенова қола медаль жеңіп алды.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жеңімпаз және жүлдегер атанған боксшы аруларымызды өңір басшысы Ермек Маржықпаев құттықтап, 11-ші мәрте Қазақстан чемпионы болған Дина Жоламанға арнайы сыйлық жолдады.

Яндекс.Метрика