Ақмолалық спортшылар 14 команда ішінен бесінші орынды иеленді

Алматы қаласында өткен Президенттік тест чемпионатында ақмолалық спортшылар жүлдемен оралды. Аталмыш додада облыс намысын 11 спортшы қорғады.14 команда ішінен бесінші орынды иеленді.

Жалпыхалықтық дене дайындығын сынайтын спорттық шара еліміз егемендік алғаннан кейін 1996 жылдан бастап «Президенттік тест» деген атаумен өткізіле бастады. Шараның  басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, халық денсаулығының, спорттық мүмкіндігінің қай деңгейде екенін анықтау.

Алматы қаласында өткен байрақты бәсекеде жерлестеріміз спорттың  әр түрінен 45 медальды еншілеп қайтты.

Жарыста жерлестеріміз өзге спортшыларға дес бермей, өңір қоржынына алтын салып оралды.

Яндекс.Метрика