Домой Новости области Ақмола облысында бұқаралық спортты дамытуға көп көңіл бөлінеді

Ақмола облысында бұқаралық спортты дамытуға көп көңіл бөлінеді

653
0

Жыл сайын жаңа спорт нысандары, стадиондар, денешынықтыру кешендері салынып жатыр.

«Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ». Бұл Степногорск қаласында орналасқан Бөгенбай батыр атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты ұжымының ту қылып көтерген ұраны. Орталықта спортпен шұғылдану үшін тұрғындарға барлық жағдай жасалған. Салауатты өмір салтын ұстанам деген адамға бұл үлкен мүмкіндік.

Соңғы жылдары бұқаралық спортты дамыту қарқын алып келеді.Ел намысын әртүрлі деңгейдегі турнирлерде лайықты қорғап жүрген өрендер болашақта зор үміт күттіруде.

Мемлекет болашақ жастар үшін спортты дамытуға үлкен мән беруде.Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде Қазақстанымыздың көк туы желбіреп, әнұранымыз әлем төрінде сан мәрте шырқалды.Спорттың арқасында елімізді барша әлем жұршылығы танитыны рас.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму