Пятница, 16 июля 2021 13:11

ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 17 МЕДАЛЬ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Өңір қоржынында 17 медаль. Алатаудың бауырында таеквондодан өткен ел кубгінде жерлестеріміз осындай нәтижеге қол жеткізді. Айтулы додада еліміздің әр түпкірінен келген спортшылар бақ сынады. Жеңістің байрағын желбіреткен спортшылармен тілшіміз Абзал Жұмабек жүздесіп қайтты.

Жарысқа әр өңірдің жалауын ұстап 300-ге жуық спортшы келді. Олардың әр қайсысына артылған сенімнің мол екендігін жақсы білеміз. Солардың арасында көзге түсіп, екі алтынды алқалаған жерлесіміз Карина Оразбаева. Ол таеквондо спорт түрімен небәрі екі жыл айналысып келеді.

КАРИНА ОРАЗБАЕВА, ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ: Жарысқа дайындық барысы өте қиын болды. Өйткені біз күнде таңертең, кешке дайындық жүргіздік. Десде жеңіске жету үшін талпыну керек. Жарсы маған қатты ұнады.Өйткені бұл бізге болашақта үлкен тәжірибе.

Ақмола облысының намысын 15 спортшы ұл, қызымыз қорғаған болатын. Тотами үстінде кездескен қарсыластарына дес бермей, мықтылығын ескермей спортшыларымыз 6 алтын, 5 күміс және 6 қола медальды қоржынға салды.

ТЕМІРЛАН ҚАРҚОЖАҚОВ, ТАЕКВАНДОДАН ОБЛЫСТЫҢ АҒА БАПКЕР: Жақсы жетістік деп ойлаймын.Осы жарысқа таңертең, түстен кейін екі рет екі сағаттан күнде күнде жаттығу жасадық. Соның арқасында балаларым еңбегімді ақтады деп ойлаймын.Ешкім ұтылмай бәрі жақсы жақсы орындар алып келді.

Айта кетейік, жасөспірім таеквандошылар алдағы қазан мен желтоқсан  айларында болатын ел чемпианатына дайындықты бастап кетті.

kokshetautv.kz

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 379 раз