Топ новостей
Среда, 02 июня 2021 11:23

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕМІСІ. ТЕННИС ОРТАЛЫҒЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ел егемендік алған жылдардан бастап қала мен аудандарда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп, әр салаға айтарлықтай көңіл бөлінді. Сол жылдары спорт нысандары бой көтеріп, жас жеткіншектердің болашағына жол ашты. Оның бірден бір дәлелі Көкшетау шаһарындағы Тәуелсіздік жылдары іргетасы қаланған Теннис орталығы.

Бұл – 2014 жылы іргетасы қаланған облыстағы жалғыз Теннис орталығы. Аталмыш спорт нысанының салтанатты ашылуына Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан. Спорт сарайында күніне 50-ге жуық адам жаттығады.

ЖАНАТ БОЛАТОВ, ТЕННИС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:  Біздің теннис орталығы барлық заманауи стандарттарға сай. Жабық жерде үш корт болса, ал осы нысанның сыртында, яғни далада 3 теннис алаңы орнатылған. Біз ең бастысы спортқа деген құлшынысы бар балаларға көп назар аударамыз. Олармен  4 жаттықтырушы жұмыс істейді. Бұл корт еліміздің тәуелсіздігінің арқасында салынғанына қуаныштымын. Біз өте ризамыз.

Орталық спортқа қызығушылығы бар мектеп жасындағы балғындарға тегін қызмет көрсетеді. Яғни, олар кез-келген уақытта келіп жаттыға алады. Сонымен қоса мүмкіндігі шектеулі жандармен студенттерге жеңілдіктер қарастырылған.

УЛЬЯНА ГОРЛАЧЕВА, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Теннис орталығы ашылғаннан кейін жаттығу кезіндегі жағдай жақсарды деп айтқым келеді. Өйткені балалар да, ересектер де қызығушылық танытып келе бастады. Шәкірттеріміз осы жерде жаттығып көптеген жетістіктерге жетуде. Бізде 10 және 12 жасқа дейінгі балалар тобы бар. Олар Азия ойындарына іріктелді, қазір өз жасындағы спортшылар арасында үздіктердің қатарында. Бүгінде спорт саласында тәуелсіз Қазақстанда жақсы жағдайлар жасалып жатқаны қуантады.

Аталмыш нысанда 1-ші маусым балаларды халықаралық қорғау күніне орай балғындар арасында үлкен теннистен қала біріншілігі өткізілмек.

kokshetautv.kz

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 302 раз