Пятница, 21 мая 2021 10:41

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ТУРНИР

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

«Жол картасы» жобасы аясында жастар арасында шағын футболдан өткен турнир өз мәресіне жетті. Жарыстың екінші күні 5 команда өзара бақ сынасып, кім мықтыдан кіл мықтыны анықтады.

Жартылай финалды «Арна» жоғары колледжі мен Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің студенттері бастады. Өнерпаздардан құралған құрма қарсыластарынан 5:0 есебімен ойсырай жеңілді.

РОМАН ЛУБЕНЦОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Командалардың қайсысын алып қарасақта өте мықты. Алаңға шыққан құрамалардың бәрі жеңіске жетсек деген үмітпен бар күш-жігерлерін салуда. Біз де жақсы ойын өрнегін көрсетеміз деген ойдамыз. Кеше мені халықаралық турнирге қатысуға шақырды. Мен өте қуаныштымын.

МЫРЗАТАЙ САПАРҒАЛИ, ЖАРЫСТЫҢ ТӨРЕШІСІ Салауатты өмір салтын ұстану үшін осындай футбол өткізіп жатыр. +скл+ Балалар қарқынды ойын көрсетіп жатыр, полу финалға өткен сайын ойын жақсарып барады. Ойын тартысты болып жатыр. Жартылай финалға өтіп жатқан командалардың осалы жоқ. Мен үшін бәрі мықты.

Жарыс қортындысы бойынша «Арна» жоғары колледжі 1 орынға ие болды. Ал қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі 2 орыннан көрінсе, «Новопэк» серіктестігінің құрамасы 3 орынды місе тұтты. Жарыс жеңімпаздарына арнайы дайындалған кубок пен бағалы сыйлық табыс етілді.

kokshetautv.kz

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 688 раз