Пятница, 11 декабря 2020 13:50

АЛТЫН ҰЛ МЕН КҮМІС ҚЫЗ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Еркін күрестен Алматыда өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Ақмола облысының намысын қорғаған Дәулет Теміржанов ересектер арасында тұңғыш рет 57 келі салмақта алтыннан алқа тақты. Әйелдер арасында аруымыз Ирина Кузнецова күміс медальға ие болды. Осы қос спортшы да Астрахан ауданының түлектері.

«Ағаға қарап ұл өсер» ,- деген осы болар, Астрахан ауданының әкімі Нұрлан Сейілов және аудандық мәслихаттың хатшысы  Мейрам Қожахметов күрестен Қазақстан Республикасының спорт шеберлері. Ағаларынан Алматыдағы байрақты бәсекеге аттанарда ақыл-кеңес алған Дәулет Теміржанов пен Ирина Кузнецова Ақмола облысының қоржынына бір алтын мен бір күміс медаль салды.

ӘЛІБЕК БАЙМАҒАНБЕТОВ, АСТРАХАН АУДАНДЫҚ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:  ҚР чемпионатында жерлестеріміз Дәулет Теміржанов пен Ирина Кузнецова қос медаль алып, барша ақмолалықтарды қуантты. Олар 12-13 жасынан бастап аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Самат Серікбаев пен Мұхтар Әбішевтің қарамағында жаттығып, үлкен спортқа жолдама алды. Жерлестеріміздің екеуі де Алматы бозкілемінде керемет өнер көрсетті. Жарыс бітіп, облысқа оралған Дәулет пен Иринаны аудан әкімі Нұрлан Сейілов арнайы қабылдап, заманауи теледидар сыйлады. Алдағы уақытта да қаржылай қолдап отыратынын жеткізді. Бұл күндері жерлестеріміз ел құрамасының сапында алдағы халықаралық жарыстарға дайындық үстінде.

Күрес өнері Астрахан ауданында жыл озған сайын дамып келеді. Дәулет Теміржанов пен Ирина Кузнецованың ізбасарлары заманауи күрес залында жаттығу үстінде.

kokshetautv.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1102 раз