Ресейдің Омбы облысымен шекаралас Амангелді ауылы балуан балаларының жеңісті жолдары еліміздің көптеген аймақтарында танымал болды. Үркердей елді мекеннен Марат Жармағанбетов талай байрақты бәсекенің жүлдегерлерімен чемпиондарын баптап өсірді.
ЕРЖАН МӘДИМҰХАМЕДОВ, ШӘКІРТІ Марат ағамыздан біздің Амангелді ауылының 100 деген баласы еркін күресті үйренді. Солардың қатарында меніңде ағаларым бар.Өзімде бапкердің танымал шәкірті болғаныма мақтанамын. Талай рет Республикалық халықаралық турнирлерде жеңіске жеттім.Марат бапкер біздің ауылдан 20 баланы Қарағанды спорт мектеп –интернатына апарып, шеберлігімізді одан әрі жетілдіруге жол ашты.Әкеміздей болып кеткен бапкеріміз жақында 70-ке толады.Бұл той біз үшінде ортақ.Ұстазға ұзақ өмір тілеймін.
Марат Жармағанбетов 2005 жылдан бері Зеренді ауданындағы Ақкөл ауылында балалармен жасөспірімдер спорт мектебінің филиалында жаттықтырушы қызметінде. Алғашқы уақытта аядай ғана спорт залда 30-ға жуық балуанды баптап жақсы нәтижеге қол жеткізді.Оның осынау еңбегін сол кездегі аудан әкімі де әділ бағалады.
МАРАТ ЖАРМАҒАНБЕТОВ, ҚР ҚҰРМЕТТІ СПОРТ ҚАЙРАТКЕРІ, БАПКЕР Сол кездегі Зеренді ауданының әкімі бүгінгі облыс басшысы Ермек Маржықпаев біздің Ақкөл ауылына да жиі келіп тұратын.Бұрынғы танымал боксшы болғандықтан болар спорт үйірмелерінің үнімі көзбен көретін.Бірде бірде шағын күрес залында болып жайсыз жағдайымызды көрді.Арада көп уақыт өтпей өздеріңіз көрііп тұрған күрес залын салдырып берді.Ақкөл ауылының балуандары оның осы жақсылығын ешқашан ұмытпай, жеңістері арқылы жауап беруде.
Жарты ғасырға жуық жасөспірім балуандарды баптап келе жатқан Марат Жармағанбетов өзінің осынау жарқын ісін әліде жалғастыра бермек.
ОТВОТКА.Жаны жайсан жаттықтырушы желтоқсанның 12 күні 70 жасқа толатын Марат Жармағанбетов жайлы түсірілген репортаждың толық нұсқасын алдағы бейсенбі 10-шы желтоқсан күні 18 сағат 00 минутте «Олимпке жол» хабарынан көретін боласыздар.