Среда, 18 ноября 2020 10:56

МӘЛІК МҰРАСЫ МӘҢГІЛІК!

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

15 қарашада Кеңес Одағының Батыры, педагог-ғалым, филология ғылымдарының докторы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 105 жыл толды. Ол қаһармандық, батырлық ерлігімен, терең ғылыми ізденістерімен өзгешеленетін тарихи тұлға.  Даңқты жерлесіміз панфиловшылар дивизиясында ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының батыры атанады. Ол қазақ әдебиеті үшін ерен еңбек сіңіріп, сүбелі дүниелер қалдырды.

Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 15 қарашада  Зеренді ауданы  Қойсалған ауылында дүниеге келген. Ол - әрі батыр, әрі би, бұқара халықты аузына қаратқан атақты шешен – Қарауыл Қанай бидің ұрпағы.

АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ  Мәлік бабамыз туралы тарихта да әдебиетте де деректер көп жазылған ғой. Батыр бабамыз туралы айтқанда ол кісінің тектілігіе айту керек. Мәлік туралы кімдер жазды кімдер зерттеді деп айтатын болсақ, ол туралы Борис Полебо жазды. 1943 жылы Правда газетіне «Рождение эпоса»деген үлкен мақала жарық көрді. Яғни жырдың дүниеге келуі. Кейін Дмитри Снегин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Әзілхан Нұршайықовтар Мәлік туралы шығармалар жазады. Жамбыл жабаевтың өзі бір төбе.

Облыс орталығындағы батыр есімімен аталатын музей, Мәлік мұрасын жаңғыртуда тынбай еңбек етуде.Музей қоры бай. Яғни, батырдың өнегелі өмірі мен шығармашылығын дәріптейтін 7 мыңнан астам құнды жәдігер сақталған. Сондай-ақ, экспонаттар қатары да жыл санапжаңартылуда.

АЯГӨЗ МАХМЕТОВА, М.ҒАБДУЛЛИН МУЗЕЙІНІҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ  Негізгі қор көрме залдарында тұрған экспонаттар. Ал қалғаны қор сақтау бөліміне жинақталған. Сол мұраларды келер ұрпаққа дәріптеу мақсатында, және Батырдың 105 жылдық, музейдің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында бірнеше кітап шығару жоспарланған. Ол жұмыстар аяқталып та қалды.

Шаһардағы Мәлік Ғабдуллин атындағы көптілде оқытатын білім ошағы да батыр есімін дәріптеуден қалыс қалған емес. Жас өрендерге ғалымның  тәлімді тәрбиесін сіңіріп, бойларына отансүйгіштік қасиеттер ұлаятып келеді.

ТАБЫСБЕК ҮСЕН, ТІЛШІ: Музейде орнатылған бұл картада, Республика бойынша Мәлік Ғабдуллин атымен аталатын елдімекендер, көшелер және мектептер белгіленген. Солардың бірі Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы көптілде оқытатын мамандандырылған мектеп-гиназиясы.

ЖҰЛДЫЗ УӘЛИЕВА, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ КӨПТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ МУЗЕЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ  1997 жылы Ұлы Отан Соғысының аяқталуын 30 жыл толу қарсаңында бұл мектепте музей ашылады жане Барыр Мәлік  Ғабдуллиннің аты беріледі. Бұл күнде Мәлік Ғабдуллиннің тұлғасын таныту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Айта кету керек, Ақмола облысында батыр атында бір университет, екі мектеп, бір музей бар. Жалпы  білмм беретін оқу орындарында  Мәлік Ғабдуллин музейінің мұрындық болуымен «Ғабдуллиншілер»  клубы ашылған. Олардың қатары жыл сайын үздік, озат оқушылармен толықғуда. Осындай жұмыстардың арқасында батырдың өр тұлғасы жас ұрпақтың жадында мәңгі қалмақ.

kokshetautv.kz

ТАБЫСБЕК ҮСЕН, БАУРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАХАНГЕР МҰХАМБЕТОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 335 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"