Вторник, 15 сентября 2020 21:25

«Ақмола облысының таланттары» жобасы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Былғары қолғапты бағындырған қазақ қызы.

Балтабекова Жансая Дулатқызы – боксшы, бокстан әйелдер ұлттық құрамасының мүшесі. 

1999 жылдың 1 маусым күні Зеренді ауданы Ақан ауылында дүниеге келген. Ақан ауылында 5-інші сыныпқа дейін оқыды, артынан жанұясымен Красный Яр селосына көшіп келеді. 2018 жылы Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжін тәмәмдаған. Бүгінде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде дене шынықтыру және спорт факультетінде оқиды. Жансая отбасындағы төрт қыздың үшіншісі, ата-анасы оның барлық бастамаларын қолдайды,

Алғашқы бапкері Булка Петр Леонидович (ДЯДЯ ПЕТЯ). 2012 жылдың қазан айынан аталмыш бапкердің қол астында жаттықты. 2016 жылы Петр Леонидович Жансаяны Ақмола облысының бас бапкері  Высоцский Александр Александровичқа табыстады.

«Мені осы спорт түріне сыныптас құрбым әкелген болатын. Осы қыз балалар көп бара бермейтін спорт түріне баруға ата-анам қарсы болмады. Алғашқы бапкеріме алғысым шексіз. Елімнің намысы үшін күш-жігерімді аямаймын», - дейді Жансая.

Жетістіктері:

2016 ж. – Жастар арасындағы ҚР Чемпионатының күміс жүлдегері

2016 ж. – Челябинск (Ресей) қаласында өткен Халықаралық турнирдің қола жүлдегері

2017 ж. – Жастар спорттық ойындарының чемпионы

2017 ж. – Әлем Чемпионатында - 3 орын (Үндістан, Гувахати қ.)

2017 ж. – Сербияда өткен Халықаралық турнирдің қола жүлдегері.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 406 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"