Среда, 13 ноября 2019 13:29

Ақмола облысының прокуратурасы аймақтық волейбол ойындарынан жеңіске жетті

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 11 қарашасында Щучинск қаласының «Жақсы» спорт кешенінде «Солтүстік» аймақтың прокуратура қызметкерлері арасында волейболдан біріншіліктің іріктеу кезеңі өтті, оған Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының командалары қатысты.

Іс-шара прокуратура органдарында дене шынықтыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлерді спортқа тарту аясында өтті.

Жеңісті Ақмола облысы прокуратурасының командасы еншісіне алды, екінші орынды Қостанай облысы прокуратурасының командасы, үшінші орынды Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының командасы жеңіп алды.

Жарыс соңында жүлделі орындарға ие болған командаларға кубоктар табысталды. «Үздік ойыншы», «Үздік байланыстырушы», «Үздік либеро» номинациялары бойынша ойыншылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

28-29 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында прокуратура органдарының қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Кубогы үшін волейболдан шешуші ойын өтеді.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1039 раз