Среда, 04 августа 2021 13:37

Қорғалжын ауданы Алғабас ауылының мектебіне су жүйесі тартылды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мерекелі датаны бос сырыпшалдық пен пайдасыз шығындардан аулақ болып, нақты істер және жаңа жобалармен атап өтуді тапсырған болатын. Президенттің тапсырмасы аясында ел өңірлерінде көптеген игі шаралар, әлеуметтік жобалар, қайырымдылық акциялары өтуде. Осы ретте Қорғалжын ауданында да бірқатар  халыққа пайдасы тиер жұмыстар жасалуда, деп хабарлайды Қорғалжын ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Соның бірі де бірегейі Алғабас ауылының бастауыш мектебіне су жүйесінің тартылуы болды. Бұл сүйінші хабарды ауыл тұрғындары көзбен көріп, көңілдеріне тоқып отыр. Аталған ауыл мектебінің  негізі 1985 жылы қаланса да, ғимаратына су тартылмаған. Бас аяғы екі миллион сома қаржы құйылған іс бүгін аяқталды.

Бұл қайырлы іс асар жасаған азаматтардың арқасында оң нәтижесін берді. Әуелде мектептегі осы су проблемасын Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары Дарын Сабырғалиұлы қолға алып, қажетті жұмыстарды жүргізді. Кәсіпкерлер, меценаттар  Бақтияр Шахманов, Жеңісбек Кулишев және аудан азаматтары  Дархан Бейсембеков, Бауыржан Байқадамов сынды мырзалардың көрсеткен көмегі айқын. Сонымен қатар ауыл тұрғындары техникамен қамтамасыз етуде күш салған  Нұра топтастырылған су құбырлары,  Целиноград су арнасы мекемелеріне алғыс айтады.

Прочитано 359 раз Последнее изменение Среда, 04 августа 2021 13:40
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика