Вторник, 03 августа 2021 17:43

Ақмола облысында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қорғалжын ауданында ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға арналған "Жас орнитолог" әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жобаны Қорғалжын экологиялық обсерваториясы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранты аясында Қорғалжын ауданы әкімдігімен серіктестікте жүзеге асыруда, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

 Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі атап өткендей, жобаны іске асырудың мақсаты ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға тең мүмкіндіктер беру, балалардың осы санаты үшін экологиялық білім беру бойынша озық білім беру бағдарламаларын бейімдеу, балалардың бос уақытын сапалы өткізу және ой-өрісін кеңейту үшін алаң құру, қоғамның назарын мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру проблемаларына аудару болып табылады.

Жобаға қатысушылар -10-18 жас аралығындағы ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар мен жастар.

Жоба аясында шілде айының соңында орнитологиялық орталық пен Қорғалжын қорығына ауданнан және Нұр-Сұлтан қаласынан 60 бала еріп жүрушілермен келіп, олар үшін мазмұнды үш күндік оқыту бағдарламасы ұйымдастырылды. Барлық іс-шаралар санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді, қатысушылар ПТР-тестілеу нәтижелері бойынша жіберілді.

Әлеуметтік жобаның авторы Қорғалжын экологиялық обсерваториясының жетекшісі Құралай Түспекова.

"Қорғалжын экологиялық обсерваториясында балалар мен жастарға арналған құстарды бақылау бағдарламасы әзірленіп, екі жыл сәтті жүзеге асырылуда, ол кәсіби орнитологтар мен экоактивистер тарапынан жоғары бағаға ие болды. Бұл бағдарлама есту және көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуға бейімделген, ал күрделіліктің бірінші деңгейі бағдарламаны ақыл-ойы бұзылған балаларды оқыту үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Балалар тәжірибелі педагогтардың жетекшілігімен теориялық курстан өтті, орнитология, энергия үнемдеу, табиғаттану негіздерін зерттеді, табиғи ортада құстарды бақылаудың практикалық курсты меңгерді, құстарды театр құзыреттілігі арқылы зерттеді", - деді Құралай Түспекова.

Экологиялық обсерватория басшысының айтуынша, жалпы жоба аясында 100-ге жуық қатысушыны, соның ішінде еліміздің басқа өңірлерінен қамту жоспарланған.

Жоба қорытындысы бойынша барлық қатысушылар "Telegram" және "WhatsApp" мессенджерлерінде арнайы құрылған чаттарға қосылады, онда олар әңгімелесіп, оқып жатқан саланың бейімделген оқу материалдарымен және жаңалықтарымен таныса алады.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 265 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика