Понедельник, 02 августа 2021 19:58

Ақмола облысында жаңа көпфункционалды балалар алаңы ашылды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Астрахан ауданының Каменка ауылында көпфункционалды балалар спорт және ойын алаңының ашылуы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Нысанның ашылуы ауылдың 85 жылдығына орайластырылған. Заманауи көпфункционалды балалар алаңы "Байду Агро" ЖШС қаражаты есебінен салынды.

Алаңның ашылу салтанатына Астрахан ауданы әкімінің орынбасары Руслан Мұқанов және "Байду-Агро" ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты Ерболат Глашев қатысты.

"Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында ауданымызда жастар мен балалар үшін жаңа заманауи демалыс нысандары ашылғаны қуантады. Бүгін осындай керемет оқиға Каменка ауылында өтіп жатыр, биылғы жылы ауылдың құрылғанына 85 жыл толады. "Байду-Агро" ЖШС директоры Глашевқа Ерболат Оралбайұлына қайырымдылық және әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды жүзеге асыруға белсенді қатысқаны және кіші отанның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтқым келеді", - деп атап өтті өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары Руслан Мұқанов.

Көпфункционалды алаң футбол алаңын, түрлі ойын алаңдарын және street workout алаңын қамтиды.

Іс-шараға қатысушылар үшін ауыл жастарының өкілі Сергей Сидоров турникте көрсетілім нөмірін көрсетті.

Қазіргі уақытта Каменка ауылында 700-ден астам адам тұрады. Ауылда мәдениет үйі, мектеп, пошта, сауда орталығы, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге маманданған "Байду-Агро" ЖШС жұмыс істейді.

Айта кетейік, мерейтойлық жылы облыста 10 инфрақұрылымдық, индустриялық және әлеуметтік-мәдени нысан пайдалануға берілді. Осы жылдың соңына дейін тағы 60 индустрия және әлеуметтік сала нысандарын ашу жоспарланған.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 226 раз Последнее изменение Понедельник, 02 августа 2021 19:59
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика