Вторник, 27 июля 2021 11:56

ЕНДІ ҚОЛ КӨТЕРЕТІН ЕРКЕК ҚАЙТА ТАТУЛАСА АЛМАЙДЫ⠀

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)


Ішкі істер министрі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдердің көп жағдайда арызын қайтарып алатынын айтты.⠀



Оның сөзінше, қазір Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес полиция жәбірленушінің өтініші бойынша ғана әкімшілік іс қозғай алады.⠀

"Біз жәбірленуші психологиялық және қаржылық жақтан күйеуіне тәуелді болғандықтан істі әрі қарай тексеруден бас тартып, онымен татуласатынын түсінеміз. Ішкі істер органдарына барлығы 190 мыңға жуық арыз келіп түсті, оның төрттен бірі ғана әкімшілік өндіріске алынды. Ал қозғалған әкімшілік өндірістің 60%-і тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды", - деді Алексей Милюк.⠀
Соған байланысты министрлік тұрмыстық жанжал кезінде тараптардың татуласу мүмкіндігін қайта қарап жатыр.⠀

"Келешекте тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі қайталанған жағдайда татуласу мүмкіндігін толығымен жоюды жоспарлап отырмыз", - деді ол.⠀

Сонымен қатар Алексей Милюк кейінгі алты айда Қазақстанда отбасылық құқық бұзушылық 8%-ке азайғанын мәлімдеді.⠀

Тұрмыстық жанжалдың тең жартысы мас күйде жасалады, ал тұрмыстық құқық бұзушылыққа қатысты ұсталғандардың 80%-нің тұрақты жұмыс орны жоқ. ⠀

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 449 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика