Вторник, 27 июля 2021 11:29

ҰЛЫБРИТАНИЯДА МАСКАДАН ТОЙ КӨЙЛЕГІ ТІГІЛДІ ⠀

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ұлыбританияда той жасауға енгізілген шектеудің алынуына байланысты ерекше қалыңдық көйлігі таныстырылды. Көйліктің ерекшелігі сол ол қайта өңделген бетпердеден тігілген деп хабарлайды Көкшетау Азия ақпараттық агенттігі korrespondent.net.-ке⠀сілтеме жасап.

 

Маскадан тігілген қалыңдық көйлегінің авторы - дизайнер Том Сильвервуд, ал оны көпшілікке модель Джемайма Хамбро таныстырған. Көйлікті тігу үшін 1500 қайта өңделген маска қолданылған.⠀

Сонымен қатар, дизайнер осы "туындысы" арқылы қоршаған ортаның ластану проблемасын көрсеткісі келген. БАҚ-тың мәліметінше, Ұлыбританияда апта сайын бір реттік қолданылатын 100 миллион маска қоқысқа кетеді.⠀

"Біз Ұлыбританияда енді үйлену тойлары ешқандай шектеусіз өтетініне қуаныштымыз", - дейді Hitched журналының редакторы Сара Аллард.⠀

Айта кетейік, Ұлыбритания үйлену тойын өткізуге қатысты барлық шектеулерді алып тастады. Ал, Шотландия тек 200 адамның қатысуымен ғана той өткізуге рұқсат беріп отыр.⠀

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 443 раз Последнее изменение Вторник, 27 июля 2021 12:13
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика