Понедельник, 26 июля 2021 12:31

⠀ Қазақстанда бала туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатылды⠀

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Елімізде бірінші тоқсанның өзінде 100 мыңнан астам нәресте дүние есігін ашқан, деп хабарлайды Көкшетау Азия ақпараттық агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 8 пайызға жоғары көрсеткіш.

Сәбилер санының артуы үш тоқсан қатарынан жалғасып келеді екен. Әсіресе елдегі халық санының рекордтық өсімі Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, азаматтардың өзін-өзі оқшауда ұстағаны кезінде тіркеліпті. Былтыр 425 мың сәби өмірге келген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда алты пайызға жоғары көрсеткіш. Сарапшылар бала туу саны биыл да жыл соңына дейін артып, Baby boom көрсеткіші жаңарады деген пікірде. Бала туу көрсеткіші артуының арқасында еліміздегі азаматтардың жалпы саны 19 миллионға жақындап қалды. Еске салсақ, бұған дейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы еліміздегі халық санына қатысты ресми мәліметтерді жария еткен еді. Бюро мәліметтеріне сүйенсек, 2021 жылғы 1 маусым күніндегі жағдай бойынша елімізде халық саны 249 мың адамға артқан. Одан бөлек, бюро нәресте өліміне қатысты мәліметтерді де назарға ұсынды. 2021 жылғы қаңтар-мамырда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 1423 нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш (1221 шетінеген нәресте) 16,5% артқан.Қазақстанда бала туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатылды деп хабарлайды КТК арнасы. Телеарна мәліметіне сенсек, елімізде бірінші тоқсанның өзінде 100 мыңнан астам нәресте дүние есігін ашқан. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 8 пайызға жоғары көрсеткіш. Сәбилер санының артуы үш тоқсан қатарынан жалғасып келеді екен. Әсіресе елдегі халық санының рекордтық өсімі Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, азаматтардың өзін-өзі оқшауда ұстағаны кезінде тіркеліпті. Былтыр 425 мың сәби өмірге келген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда алты пайызға жоғары көрсеткіш. Сарапшылар бала туу саны биыл да жыл соңына дейін артып, Baby boom көрсеткіші жаңарады деген пікірде. Бала туу көрсеткіші артуының арқасында еліміздегі азаматтардың жалпы саны 19 миллионға жақындап қалды. Еске салсақ, бұған дейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы еліміздегі халық санына қатысты ресми мәліметтерді жария еткен еді. Бюро мәліметтеріне сүйенсек, 2021 жылғы 1 маусым күніндегі жағдай бойынша елімізде халық саны 249 мың адамға артқан. Одан бөлек, бюро нәресте өліміне қатысты мәліметтерді де назарға ұсынды. 2021 жылғы қаңтар-мамырда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 1423 нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш (1221 шетінеген нәресте) 16,5% артқан.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 280 раз

Похожие материалы (по тегу)

© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика