Понедельник, 19 июля 2021 10:50

Қазақстанның құрметті авиаторы дүниеден озды⠀

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Дәулетбай Мұсаұлы Серікбаев – халықаралық деңгейлі, 1-сыныпты ұшқыш. Дәулетбай Мұсаұлы Серібаевтар ұшқыштар әулетінің өкілі.

Ол 1959 жылы Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Ұялы аулында Иманмұса Серікбайұлы және Напия Темірболатқызының шаңырағында дүниеге келген. 1977-1981 Ақтөбе жоғары азаматтық авиация училищесінде білім алған. Түрлі жылдары қазақстандық әуе компанияларда жұмыс істеген, ЯК-40, ТУ-154, А-310 әуе кемелерінің ұшқышы және командирі ретінде қызметтенді. Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Үкіметтік экипажының ұшқыш - пилоты, «Тrans Asia Airlines» авиакомпаниясының ұшу қызметі бойынша вице-президенті, «Airbas-310» әуе кемесінің командирі болып қызмет атқарды. 2002 жылдан бастап ҚР Көлік және Коммуникациялар Министірлігінің ұшу жарамдылығы қолдау нормалары бөлімінің бастығы, авиабақылау басқармасының бастығының орынбасары, Азаматтық авиация Комитетінің ұшу қауіпсіздігі басқармасының басшысы, ҚР индустрия және даму Министірлігінің Азаматтық авиация Комитетінің ұшуды пайдалану  басқармасының басшысы болып  еңбектенді. Соңғы жылдары Азаматтық авиация комитетінің бас сарапшысы - мемлекеттік аға инспекторы, ұшуды пайдалану басқармасының басшысы қызметтерің атқарған. Еңбек өтілі – 40 жыл, ұшқыштық сағаты – 12 мың сағат. ⠀⠀

Кәсіби шеберлігі, еңбек жетістіктері және азаматтық авиация саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ол салалық жүлде - «Құрметті авиатор» төсбелгісімен марапатталған. Дәулетбай Мұсаұлының қарышты да мазмұнды өмірі биік әрі әдемі ұшумен салыстыруға келеді және азаматтық авиацияға шексіз берілген. Тәуелсіз Қазақстанның азаматтық авиациясының қалыптасуы мен дамуына, ел аспанында ұшулардың тиімділігі мен қауіпсіздігін нығайтуға өз септігін тигізді. Ол көптеген жоғары білікті авиаторларды дайындады. Даулетбай Мұсаұлы еліміздің азаматтық авиациясын әлемдік аренада мойындауға және Қазақстан авиакомпанияларын Еуроодақтың қара тізімінен шығаруға елеулі үлес қосты.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 187 раз Последнее изменение Понедельник, 19 июля 2021 11:23