Пятница, 16 июля 2021 13:20

ТҰТЫНУШЫЛАРҒА 5,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Биыл облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне 300-ге жуық өтінім келіп түсті. Оның 101-і шешімін тауып, тұтынушыларға 5,5 миллион теңге қайтарылды. Ал, 166-сына  түсініктеме берілді. Департаменттің осы және өзге де жартыжылдықтың қорытындылары туралы арнайы брифинг барысында айтылды.

Тауар сатып алушылардың департаментке жүгінуі көбіне сауда нүктелеріндегі меншік иесі туралы ақпараттың болмауы, тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын уәкілетті органдармен байланыса алмауынан болып отыр. Сондай-ақ, сатушылардың қарым-қатынасына шағымдану мен ақы төленгенін растайтын құжаттың берілмеуі де тіркелген.

МАҚСАТ СЕЙІТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Нәтижесінде Көкшетау қаласындағы 11 ірі сауда үйінің меншік иелері арасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша кеңес өткізілді. Мамыр айынан бастап жеке кәсіпкерлер мен сауда нүктелерін жалға алушыларға ақпараттық жадынамалды орналастыруға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр. 

Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті  тұрғындардың бұл салада сауаттылығын арттыру үшін  түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тұтынушыларға дау туындаған жағдайда қалай әрекет ету керек, сотқа жүгіну үшін қандай құжаттар жинау қажет екендігі туралы ақпарат берілуде. Биыл жартыжылдықта департамент осындай мақсатта 40 іс-шара өткізді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде де ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

kokshetautv.kz

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ӘНУАР НЫҒМЕТЖАН

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 149 раз