Четверг, 15 июля 2021 16:53

АҚКӨЛ АУДАНЫНДА 11 МЫҢ АДАМ ЕКПЕ АЛДЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ақмола облысында вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Халыққа вакцина егу аймақтық медициналық ұйымдарда жүргізіледі. Мысалы, Ақкөл ауданы бойынша 11  мыңнан аса адам екпе алды. Бүгінгі таңда ақкөлдіктердің 50 проценттен астамы  вакцинаның 1 компонентін қабылдады.

Ақкөл аудандық  ауруханасында 26 мыңнан аса тұрғын тіркелген. Оның 14 мыңға жуығы вакцина  алуға жарамды. «Спутник-V» вакцинасының бірінші компоненті 7308 адамға егілсе, екіншісін 4 мыңға жуық адам алды.

ЮЛИЯ МАЙЕР, КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНАНЫҢ ЛАБОРАНТЫ  Мен «Hayat-Vax» вакцинасын алдым. Вакцинадан кейін ешқандай асқыну, кері әсерлер болған жоқ. Қазіргі күні өзімді жақсы сезінемін. Осы індеттің алдын алу үшін вакцина салдыру керектігін айтқым келеді.

Аудан емханасында вакцинаны алғандар жарты сағат дәрігердің қадағалауында болып, екпенің әсері бақыланады. Сондай-ақ, ауруханада вакцинаны сақтау үшін барлық жағдай жасалған.

АДА ЛИЩИНСКАЯ, АҚКӨЛ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Ауданда вакцинация жұмыстары наурыз айында басталды. Осы уақыт аралығында біз 4 вакцинамен жұмыс жасадық. Бұл «Спутник-V», «QazVac», «Hayat-Vax» және «CoronaVac» вакциналары. Бүгінгі күні вакцинация үшін «Спутник-V» және қазақстандық «QazVac» вакцинасы бар. Вакцинация емхана базасында, амбулатория базасында және көшпелі мобильді бригадалармен жүргізіледі.

Аудан бойынша Д-есепте тұрған 31 адам вакцина қабылдады. Өткен тәулікте 158 тұрғын вакцина алды. Ауданда эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

kokshetautv.kz

МАДИНА ҚАДЫРБЕК, ДИАНА РЕЗНИКОВА

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 150 раз