Среда, 14 июля 2021 17:22

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Зеренді ауданында ауыл шаруашылығы саласының дамуы жақсы. Мал басы сонау тәуелсіздік жылдарынан бері 3 есе көбейген. Егін шаруашылықтары қанат жайып, қамбаны молдап толтыруға қам жасап келеді.

Аграрлы-индустриялды аймақ саналатын Ақмола облысының Зеренді ауданы мемлекет басшысының тапсырмасына орай ұтымды жобаларды жүзеге асырды. Соның арқасында аудандағы мал шаруашылығы да біртіндеп дамып келеді. Ауданда ірі қара – 55 мың, жылқы - 28 мың, сүтті сиыр 23 мың, құс саны – 223 мыңнан асып жығылады.

СЕРІК САБЫРОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ  Тәуелсіздік жылдарында ауыл шаруашылғы саласы бойынша біршама жетістіктерге қол жеткіздік. Біз мал басын көбейтуге басымдық беріп келеміз.  Ол үшін жеткілікті жем-шөп жиналуы тиіс. Былтырдың өзінде 308 мың тоннадан астам мал азығын дайындадық. Биыл 290 мың гектардан астам жерге дән сіңірдік. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 20 мың гектарға артық.

Шаруалар жемшөптен жылда таршылық көрмес үшін тыңайтқышты нормасымен пайдаланып, жауын-шашынның мол түскенін күтеді. Биыл республика көлемінде қуаңшылық болып жатқанын ескерсек,  мал азығының бағасында да ауытқушылық болатын түрі бар. Десе де, малдың қыстан аман шығуына қор жинауға ауданның шаруалары күш салып жатыр. Әсіресе агротехникалық шаралар: дән сіңіру, ылғал жабу, тыңайту мәселелері дер кезінде назарға алынды.

НҰРПЕЙІС АЙТХОЖИН, «АЙДЫН» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ  2000 жылдардан бері осы жер алып, қожалық ашып істеп жатырмыз.  Негізі дайындықты күзден бастаймыз. Жер жырту, қар тоқтату. Биылғы жылды білмейміз. Ауа райы қиын болып тұр. Дегенмен өсіп жатқан секілді. Бәріміз дайындалып жатырмыз.

ОРАЗ КӨКШЕҰЛЫ, АГРОНОМ  Осы ауыл шаруашылығында көп жылдан бері еңбек етіп келемін. Кейінгі 3-4 жылда осында келіп жұмысқа  орналастым. +++ скл+++ Қазір басты істеп жатқан жұмыстарымыз – химиялық өңдеу. Зиянкестер мен арамшөпке қарсы ауруларға қарсы толығымен жұмыс істедік. Бүгінгі таңда 85 пайыз барлық жұмыстарды атқардық.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар» дей келе, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруды міндеттеген еді. Бұл бағытта Ақмола облысы 30 жылдан бері ауқымды жұмыс атқарып келеді.

kokshetautv.kz

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 228 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика