Среда, 14 июля 2021 17:17

ОБЛЫС БОЙЫНША ГЛЭМПИНГ БЕЛСЕНДІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Глэмпинг – туризмді дамытудағы жаңа әлемдік тренд. Скаутинг – бұл жалпы әлемдік құндылықтар жүйесіне негізделген балаларға, жастарға және ересектерге арналған бейресми білім беру. Осындай лагерьлердің бірі Ақкөл ауданындағы Ерназар ауылында ашылды.

Бүгінгі таңда дүниежүзілік скаут қозғалысының ұйымы әлемнің 172 елінде 60 миллион скаутты құрайды. Бұл тізімнен Ақмола облысы да орын алып отыр.

ҚАЙРАТ СҰЛТАНОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТУРИЗМІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ  Біріншіден, бұл скауттық қозғалыстағы алғашқы лагерьлерінің бірі екендігін айтқым келеді. Әрине, мемлекет қолдау көрсетті. Бұл Ақмола облысының инфрақұрылымдық жобасы, әкімдіктен көмек көрсетілді. Грантты дәл осыған алды. Менің ойымша, болашақта дәл осындай демалыс сәнде. Мұндай ірі лагерьлер тиімсіз. Өкінішке қарай, көптеген ірі қазақстандық компаниялар бұл жобадан бас тартты.

Білім министрлігінің статистикасы бойынша 2019 жылы 236 лагерь жұмыс істеді. Ол лагерде 220 мың бала демалған. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша балалар сауықтыру лагерлерін бір мыңға жеткізу көзделіп отыр.

ЭЛЬДАР КӘТЕНОВ, СКАУТТЫҚ ЛАГЕРЬДІҢ ЖЕТЕКШІСІ  Әлемде глэмпинг белсенді дамуда. Осы туризмді Қазақстанда дамыту енді қолға алынып келеді. Болашақта әлем бойынша глэмпингтен бірінші орын алатынымызға сенімдімін. Туризмнің болашағы глэмпингте болғандықтан, біз туризмнің осы түрімен белсенді айналыса бастадық. Сондай-ақ бізде 20 сафари-тэнц, 5 арка типтес үйлер және 4 адамға арналған шатырлы кемпингтер бар.

Ақкөл ауданындағы глэмпингтің бірегейлігі балалармен, отбасылармен жұмыс істеу бойынша скауттық технологиялардың және табиғатта жайлы демалу глэмпинг технологияларының бірігуі болып табылады. Алдағы уақытта Қазақстанның сұлу табиғатын көрсету үшін шетелдік туристерді шақыру жоспарланып отыр.

kokshetautv.kz

МАДИНА ҚАДЫРБЕК, АБЫЛАЙ БАЛТАБАЕВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 247 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика