Пятница, 09 июля 2021 10:33

КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ 9 ШІЛДЕДЕ АЯҚТАЛАДЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Өңірде ауылдық округтер мен аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлау науқанына дайындық қызу жүріп жатыр. Бүгінде 300 адам өз кандидатурасын ұсынды. 31 кандидат ресми түрде тіркелді. Толығырақ тілші бейнематериалында.

Өңірде сайлау науқанының басында 239 ауыл әкімі тіркелді. Олардың 95-і немесе 40 проценті 25 шілдедегі алғашқы тікелей сайлауда сайланады. 721 сайлау учаскесі мен 238 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Науқан әр ауданда өтеді.

МАНАРБЕК СӘДУОВ, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Үміткерлерге қандай талаптар қойылады? Біріншіден, «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, ол сотталмаған адам болуы шарт. Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық жасамаған болуы керек. Сондай-ақ, жасы 25-тен кем болмауы керек. Маңыздысы, Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт. Бір адам ауылдық округ және аудандық маңызы бар қала әкімі болып сайлана алмайды.

Ауылдық округтер мен аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы тиісті деңгейде өтуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып отыр.

НИКОЛАЙ ПОЛИТКИН, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ  Бұл айырықша іс. Өздеріңіз білесіздер, бізде бұрын әкімдерді мәслихат сессияларында сайланатын. Сайлау алдындағы үгіт осыншалықты кең болған жоқ. Ұсыну процесі белсенді жүріп жатыр. Біз тұрғындардың қай кандидатқа қаншалықты дауыс беретінін жіті бақылаймыз. Жалпы, бұл қызықты статистика болады.

Үміткерлерді ұсыну 25 маусымнан 9 шілдеге дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетейік, бүгінде бұл қызметке 29 саяси партиядан 300 адам ұсынылып отыр.

kokshetautv.kz

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ИВАН ОДНОРОГ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 274 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика