Четверг, 08 июля 2021 16:14

№ 4 ОРТА МЕКТЕПКЕ ҚОСЫМША ҒИМАРАТ САЛЫНЫП ЖАТЫР

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Көкшетауда үш ауысымды оқу мәселесін жою үшін жыл сайын мектеп ғимаратына  қосымша құрылыстар тұрғызылуда. Былтыр осындай 3 ғимарат бой көтерген. Биыл № 4 қалалық орта мектепке 360 орындық жапсарлас құрылыс салынып жатыр. Нысанның салыну қарқыны мен сапасын облыс әкімі Ермек Маржықпаев жеке өзі барып тексерді.

№ 4 орта мектептің базасында мыңнан астам оқушы білім алады.  Ал іс жүзінде білім ордасы 650-ге жуық оқушыны қамтуға қуатты. Қосымша құрылыс жоспар бойынша 2022 жылы пайдалануға  берілуі тиіс. Тек сонда ғана оқушылар тар кабинеттегі 3 ауысымды оқу процессінен құтылады.

БЕЙСЕНБАЙ ӘБДІРАХИМОВ,  «АСАР СТРОЙ СЕРВИС» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Қазіргі уақытта электромонтаждау, сантехника жұмыстары жүріп жатыр. Сыртқы канализацияны түгел бітірдік.

Нысан құрылысына 1,5 млрд. теңге құйылған. Алайда құрылыс материалдарының күрт қымбаттауынан тағы 350 млн. теңге жетпейді, - деді мердігер компания жетекшісі.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ,  АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ :  Егер қосымша ақша бөлсек, екі айдың ішінде бітіресіздер ғой?

-Иә, мынаны қыркүйекте беремін. Ал спорт залды желтоқсан айында беремін.

-Үстіңгі қабаттары қалай?

- Үшінші қабатта жұмыс қызу. Электромонтаж жүріп жатыр.

Қымбатшылыққа қарамастан құрылыс қарқынды. Жоспардан бұрын биылғы оқу жылында игілікке берілуі бек мүмкін. Өңір басшысы жұмысшы санын артырып, жұмыст жеделдетуді тапсырды.

kokshetautv.kz

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 202 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика