Среда, 30 июня 2021 15:20

ОБЛЫС БОЙЫНША 248 МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ақмола облысында  жаз айларында балаларды сауықтыруға бағытталған  демалыс лагерлері 105 мыңға жуық оқушыны қабылдай алады. Олардың бос уақытын тиімді өткізу үшін мектеп және демалыс орталықтарының ұжымдары қазіргі уақытта түрлі шаралар ұйымдастыруда. Балғындардың жазғы демалысы қалай өтіп жатыр? Оларға қандай жағдай жасалған? Әріптесім Абзал Жұмабек біліп қайтты.

Балаларды сауықтыру нысандары эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық карантиндік талаптарды қатаң сақтауда. Сауықтыру нысанына кірерде әр баланың денсаулық жағдайын растайтын құжат болуы шарт.  Облыс аумағында мектеп жанындағы 700-ден астам жазғы лагерь ұйымдастырылған.

МАРИНА ЛИ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ  Оның 400-ден астамында тамақтандыру қарастырылмаған. Бұдан бөлек мектеп жанындағы 248 демалыс лагері жасақталған. Онда ыстық ас ұйымдастырылады. Сондай-ақ қала сыртында 17 сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Бірақ, карантиндік шектеулерге байланысты оның барлығына бірдей рұқсат етілген жоқ. 

Бүгінде Красный Ярдағы №3-ші көпсалалы мектеп-гимназиясында «Болашақ»  балаларды сауықтыру орталығы екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Әр ауысым сайын 50 баладан қабылдануда.

САМАЛ СӘДЕНОВА, ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ АЛАҢЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ  Әрбір келген оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдалана білуге үйрету. Сонымен қатар сауықтыру алаңында  түрлі үйірмелер жұмыс істеуде.

6 үйірме жұмыс істейді. Балаларға өте ұнайтыны көрініп-ақ тұр. Жазғы демалысын тиімді өткізіп жүрген бүлдіршіннің бірі Інжуна Шалтай.

ІНЖУНА ШАЛТАЙ, КРАСНЫЙ ЯР №3 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:  Қолөнер үйірмесінде біз түрлі түрлі әшекей бұйымдар жасап үйренеміз, ал компьютер үйірмесінде біз түрлі бағдарламалар, слайдтар жасап үйрендік. Келесі дене шынықтыру үйірмесі, онда біз эстафеталық жаттығулар жасаймыз, Қазақтың ұлттық ойындарын ойнап үйренеміз. Келесі үйірмеміз музыка үйірмесі. +скл+Біз музыка үйірмесінде түрлі дауыс ырғақтарын жасаймыз. Театр үйірмесінде біз спектакль қойып үйренеміз. Маған лагерь қатты ұнады.

Айта кетейік, көп балалы және аз қамтылған отбасының балалары сауықтыру лагерінде тегін тамақтанады.

kokshetautv.kz

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 287 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика