Четверг, 24 июня 2021 15:44

Скоринг – қарыз алушының кредитке қабілеттілігін бағалау әдісі

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Кредит алуға шешім қабылдадыңыз, алайда қаржы ұйымы бас тартты ма? Себебі – кредиттік скоринг жүйесінен өтпеген.

Скоринг дегеніміз не, өтініш беруші қандай талаптарға сай болуы керек, әлеуметтік желілерден алынған ақпарат қарыз беру туралы шешімге қалай әсер етеді және кредитордан «тиісті балды» қалай алуға болады –  Fingramota.kz. бірге анықтай аламыз.

«Скоринг» ұғымы қаржы саласында бұрыннан бар және қарыз алушыны, оның төлем қабілеттілігі мен адалдығын бағалау жүйесін білдіреді. Сонымен қатар, скоринг жүйесі оның кірісін ғана емес, сонымен қатар кредит беру үшін қажетті басқа өлшемшарттарды да бағалайды, мысалы, қарыз алушының кредитті уақтылы және адал өтеу қабілеті, жұмыс өтілі, отбасылық жағдайы, балаларының болуы, кредиторлардан неше рет бас тарту алғанын және тіпті әлеуметтік желілерде қандай топтарға жазылғанын бағалай алады және тағы басқалар.

Әртүрлі кредиттік ұйымдарда талаптар әртүрлі, сондықтан егер сізге бір банк кредит бермесе, онда сізге кредитті басқа банк беруі мүмкін.

Скоринг қандай болады?

Кредиттік скорингтің үш түрі бар. Біріншісі қарыз алушының сауалнамасына байланысты, онда ол сұрақтарға жауап береді, олардың жауаптары кейіннен скоринг жүйесімен балл беру арқылы бағаланады. Қарыз алушының бағасы неғұрлым көп болса, кредит алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Екінші түрі алаяқтыққа қарсы іс-қимылға байланысты. Мұнда мінез-құлық скорингі деп аталады, онда қаржылық алаяқтар мен қасақана төлемеушілерді анықтау үшін болашақ қарыз алушының қаржылық мінез-құлқын бағалау жүргізіледі.

Скорингтің үшінші түрі – коллекторлық. Атауының өзі бұл жерде скоринг телефон қоңыраулары, SMS-хабарламалары, сондай-ақ борышкермен жеке байланыс арқылы қарызды өндіріп алу үшін қолданылады дегенді білдіреді.

Банктер скорингті қалай пайдаланады?

Қаржы ұйымдарына кредит алғысы келетін қазақстандықтардан көп өтініштер келіп түсуде. Бірақ әрбір өтінішті қолмен өңдеудің мүмкіндігі жоқ. Бұл банктердің скорингті пайдалану себептерінің бірі. Әлеуетті қарыз алушы туралы бүкіл мәлімет тек оның келісімі бойынша ғана және заң шеңберінде жинақталуы тиіс екендігін білген маңызды. 

Скоринг жүйесі бір орында тұрған жоқ: қазіргі уақытта клиенттің кредитке қабілеттілігін және оның тәртіптілігін оның табыс деңгейі бойынша ғана емес, салықтық берешегі туралы анықтама, шекарадан өтуге шектеулері бойынша да бағалауға болады. Сондай-ақ, ұялы желіні пайдалану және әлеуметтік желілердегі аккаунтардан алынған ақпарат та назарға алынуы мүмкін.

Клиенттің мобильдік операторының мәліметтері кредиттік бюро арқылы қаматамасыз етіледі және банктер үшін қолжетімді болып табылады. Мұнда әлеуметтік қарыз алушының байланысқа жұмсайтын шығындарының мөлшері бағаланып, оның қандай сайттарға кіретіндігі, роумингті қосатындығы немесе қоспайтындығы ескеріледі. Қарыз алушы скоринг процедурасына жазбаша немесе SMS–авторизация арқылы өзінің келісімі бойынша ғана ұшырайтындығын атап өтеміз. 

Барлық кредиттік ұйымдар әлеуметтік желілерді және интернеттегі белсенділікті тексермейді. Айтпақшы, банктер қарыз алушының қандай топтарға жазылғандығын қарайды, мысалы «Банкті қалай алдауға болады» немесе «Кредиттер – бұл жаман нәрсе».

«Антифрод» дегеніміз не?

Антифрод – бұл кредит алуға өтінім түскен сәттен бастап қолданылатын ережелер белгіленген жүйе. Осы жүйені пайдалану кезінде кредиттік өтінім толығырақ қарастырылады. Мұнда сондай-ақ ұялы операторлардың да ақпараты ескерілуі мүмкін: қоңыраулардың мерзімділігі, ұзақтығы, нөмірді пайдалану мерзімі және басқалар. Бұл қарыз алушының SIM-картаны қанша уақыт пайдаланатынын немесе оны тек кредит алу үшін сатып алғанын түсіну үшін қолданылады.

Егер клиенттің басқа қаржы ұйымдарында кредит бойынша қарызы болса, ұялы байланыс операторынан алынған оң ақпарат кредиттік өтінімді мақұлдауға көмектесе алмайтындығын түсіну керек.

Егер клиенттің кредит тарихы жақсы болса және ресми табысы жоғары болса, ұялы байланыс операторы арқылы тексеру қажет болмауы мүмкін.

Әр кредит ұйымының скорингі ерекше. Оның өлшемдері қатаң құпияда сақталады. 

Өз скорингіңізді қалай жақсартуға болады

Өз скорингтік балыңызды жақсарту үшін кредиттік жауапкершілікті арттыру, кредиттерді, коммуналдық қызметтерді уақтылы төлеу, сондай-ақ алименттерді уақытында төлеу, айыппұлдар мен салықтық берешекті өтеу қажет. Сіздің кредиттер бойынша барлық төлемдеріңіз қарыз шартында көрсетілген мерзімде төленгеніне сенімді болу үшін өз кредит тарихыңызды үнемі тексеріп отырыңыз.

Ол үшін кредиттік бюроларға жүгіну қажет, Қазақстанда олар екеу: Мемлекеттік кредиттік бюро және Бірінші кредиттік бюро, ХҚКО-ға жүгіну керек немесе виртуалды үкіметтің веб-порталы арқылы өз бетінше тексеруге болады. Сонымен қатар, дербес кредиттік есепте қандай қаржы ұйымдары сіздің рұқсатыңызды алмай кредит тарихыңызды сұратқанын және сізге «бөтен кредит» ресімделген жоқ па деген мәселені қадағалай аласыз. Мәлімет үшін - кредиттік есеп жылына бір рет тегін ұсынылады.

Қорытындылай келе, кредит алудың үлкен жауапкершілік екенін атап өткен жөн. Кредитті ресімдеуден бұрын, сіз өзіңіздің қаржылық мүмкіндіктеріңізді талдап, ықтимал тәуекелдерді бағалай отырып, оң және теріс жақтарын мұқият саралауыңыз қажет.

Кредиттік жауапкершілік пен қаржылық сауаттылықты Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 156 раз