Вторник, 22 июня 2021 08:42

Ақмолалық суретшілер мен шеберлер Тәуелсіздік мерейтойына арналған конкурста өз жұмыстарын ұсынды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Өңірде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Менің Отаным-менің Қазақстаным" сәндік - қолданбалы өнер шеберлері мен қолөнершілерінің облыстық байқауының аудандық кезеңдері жалғасуда, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Іс-шара қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, шеберлердің шығармашылық әлеуетін іске асыру, Қазақ ұлттық өнерін дамыту және еңбек құндылықтарын белсенді ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды.

Жақында Целиноград ауданында сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі өтті.

"Шығармашылық байқауға 19 жергілікті шеберлер қатысты. Көрмеде теріден, киізден, ағаштан, пластиктен ойылып жасалған тұрмыстық заттар, суреттер, сырмақ, текемет сияқты ұлттық нақыштағы бұйымдар, ұлттық аспаптар және халқымыздың бай мәдениетін бейнелейтін басқа да түрлі жұмыстар ұсынылды", - деп хабарлады ауданның ішкі саясат бөлімі.

"Қоғамдық келісім" КММ басшысы Ермек Нұғманов бастаған қазылар алқасының мүшелері ұсынылған жұмыстардың ерекшелігін, технологиялылығын, эстетикалығын және қатысушылардың шеберлігінің жоғары деңгейін атап өтті.

Байқау қорытындысы бойынша Қосшы ауылының тұрғыны, ағаш ою, былғарыдан және күмістен түрлі бұйымдар жасау шебері Асхат Бозымбай Гран – при иегері атанды.

Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар мақтау қағаздарымен және ұйымдастырушылардан бағалы сыйлықтармен марапатталды

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 165 раз Последнее изменение Вторник, 22 июня 2021 12:25