Понедельник, 21 июня 2021 18:12

Алкогольдік ішімдіктерді сату саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардағы кәсіпкерліктің проблемалық мәселелері

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

2021 жылы 26 мамырда кәсіпкерлердің және мемелекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «алкогольдік ішімдіктерді сату саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардағы кәсіпкерліктің проблемалық мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл дөңгелек үстелде ӘҚБтК 200-бабының бірінші бөліміне сәйкес алкогольдік ішімдіктерді 21 жасқа дейінгі адамдарға сату және осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес бөлшек сауда үшін сағат 23:00-ден 08:00-ге дейін және 30%-даң жоғары этил спиртінің көлемдік үлесімен 21:00-ден келесі күнгі сағат 12:00-ге дейін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Екі жағдайда да баламалы жазасыз, айыппұл және лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру түріндегі қосымша жаза көзделген. Осы баптың 2 және 4-бөліктерінде әкімшілік құқық бұзушылықты бірнеше рет жасағаны үшін, сәйкесінше айыппұл түріндегі жазадан бөлек қосымша лизензиясының күші жойылады. Біз заңбұзушылықтардың алдын-алу бойынша барлық ұсыныстарды талқыладық, оның ішінде алдын-алу шаралары қандай деген сұрақты талқылап өттік. Көбіне заң бұзушылық сатушылардың мұқиятсыздығынаң және қырығылықтың болмауынан болады. Сондай-ақ жауапкершілікті алкогольдік ішімдіктерді сатуға және сақтауға лицензиясы бар адам көтеретіні есте ұстаған жөн, соңдықтан лицензия иелері сату жұмыстарын қатаң қадағалап, өз қызыметкерлеріне барлық қауіпсіздік шаралары туралы тісіндіру жұмыстарың жүргізу керек.Сондай-ақ жастардың кейде өз жасынан үлкен көрінетінін есте ұстаған жөн, бұл жағдайда өзінді қорғап, жеке куәлікті талап ету қажет. ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген ішкі сауда ережелерінің 2-параграфтың 50-тармағына сәйкес, сатушы алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сату кезінде клиенттердің 21 жасқа толмағанынаң күмәнданатын болса: 1) Жеке басты куәландыратын құжаттарды көрсетуді талап етеді; 2) Егер жеке басын куәландыратын құжат, оның ішінде шетелдік азаматтардың құжаттары ұсынылмаған болса, сатудаң бас тартады.

  • • Алкогольдік ішімдікті уақытылы сатпау мәселесіне келетін болсақ, бұл көбінесе бұзушылықтар сатушылардың клиенттер саны бойынша жүктемесі және сатушылардың мұқиятсыздығынаң туындайды. Супермаркеттерде бұл мәселе көтерілмейді, өйткені оларда бағдарлама бойынша уақытша сатуға мүмкіндіктің өшіру іске асыру мүмкіндігі қарастырылған. Осыған байланысты, кәсіпкерлерге өз қызыметкерлерінің заңдылықты сақтауын бақылау түрлерінің бірі сияқты шектеуші шаралар қою туралы ойлану, жаман болмас еді деп ойлаймын.
  • • Сондай-ақ, дөңгелек үстелде әкімшілік істерді қозғау кезінде туындайтын мәселелері талқыланды.

   

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 315 раз Последнее изменение Понедельник, 21 июня 2021 18:29