Понедельник, 21 июня 2021 17:58

ЖАЙҚАЛҒАН ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Щучинск-Бурабай курортты аймағының орман қорын Елорданың жасыл белдеуімен қосу бастамасын жүзеге асырудың үшінші кезеңі қолға алынды. Қазіргі таңда 160 шақырым жол бойында жасыл желек жайқалып тұр. Оның жалпы аумағы 2 мың 575 гектар.

Жасанды орманда ағаштың 11 түрінен 6,3 млн. көшет отырғызылған. Бірінші кезең 2009-2016 жылдарды қамтыды.  Бұл кезеңде отырғызылған көшеттер бой түзеп өз экожүйесі қалыптасқан орманға айналды. Екінші кезең 2013-2022 жылдарды қамтиды. Әр кезеңде отрғызылған орман тиісті технология бойынша күтіп бапталады.

БОЛАТ ТӨКІШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Қазір біз үшінші кезеңді бастадық. Бұған дейін  екі кезеңмен 4 ауданның аумағында жасанды орман өсірілген боладын. Қазір біз үш ауданда топырақ зерттеу жұмысын бастадық. 2 жарым мың гектар аумақ зерттеліп, жарамды деп танылған аумақа ағаш отырғызылады. Орманды күту және өрттен қорғау мақсатында облыс әкімдігі бөлген қаражатқа 20 трактор, 4 автокөлік сатып алынды.

Жасанды орман алқабын кеңейту және қалаларды көгалдандыру тәлімбақтардың жұмысына сұраныс артатынын білдірсе керек. Қазір ақмола облысында 3 тәлімбақ қызмет етеді. Олардың бірі – Ақкөл орманшаруашылығына тиесілі.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ТІЛШІ  Ағаш өсіру сіз ойлағандай оңай іс емес. Әуелі сала мамандары орманнан әрбір ағаштың дәнін теріп алады. Кейін бұл дәне көшетке айналып, мынадай толыққанды ағашқа айналғанға дейін 10 шақты жыл уақыт керек. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағында 2 млрд. ағаш көшетін отырғызу міндетін белгіледі. Бұл дегеніміз. осы тәрізді тәлімбақтардың қызметіне сұраныс артатынын білдірсе керек. Алдағы уақытта Ақмола облысында таңы 2 жаңа тәлімбақ ашылады. Осылайша, өңір орманшылары алдағы 5-6 жылда 150 млн. ағаш көшетін отырғызады.

51 гектар аумақты алып жатқан нысан 2014 жылы қалыпқа келтірілген. Мекеме тамшылап суару әдісінің тиімділігіне көз жеткізіпті.  Мұнда барлығы 80-ге тарта ағаш түрі өсіріледі. Нұр-Сұлтан – Щучинск  тас жолы бойына отырғызылған көшеттің дені осы тәлімбақта өсірілген.

АЛЕКСАНДР БЕЛОУСОВ, АҚКӨЛ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНІҢ ДИРЕКТОРЫ/// Мұнда екі жылдық қарағаш көшеттері өсіріледі. Осы алқаптан биыл көктемде 200 мың көшет жөнелттік. Мына қалған көшеттерді күзге дейін осы алқапта өсіреміз. Жалпы алғанда 2018 жылдан бері біз 1 жарым млн. көшет өсірдік. 

Орманшылық саласының қордаланған мәселелері де баршылық, - дейді мамандар. Соңғы жылдары техникамен жабдықтау ісі біртіндеп шешіле бастады. Күрмеуі қиын түйіннің бірі –маман тапшылығы. Жоғары оқу орнында бұл мамандықпен білім алғандар бар болса да, қызметке кіріскердер некен саяқ. Себебі, жалақы мардымсыз. Орманшылар ел президенті белгілеген кешенді міндет аясында бұл мәселе де шешім табар деген үмітте. 

kokshetautv.kz

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ,  МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 149 раз