Пятница, 18 июня 2021 17:11

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ел еңгемендігін алған жылдардан бастап өңірдегі білім мен ғылым салалары дамып, мемлекетіміз өркендеп, гүлденіп жатты.Тәуелсіздіктің 30 жылында  алпауыт елдермен қарым қатынас жүргізіп болашағымызды айқындадық. Бүгінде тәуелсіздік жылдары дүниеге келген сәбилер ел іргесінің қалануына өз септігін тигізуде.

Абылай Балтабаев Көкшетау қаласындағы экономика және менеджмент институтында «Кәсіпкерлік пен экономика» мамандығы бойынша білім алған. Бүгінде облыстық Қазақстан Көкшетау телеарнасында қызмет етеді. Сахнаға шығып ел алдында сөйлеп, әзіл ысқақ театрларында  ойнағанды жаны сүйеді.

АБЫЛАЙ БАЛТАБАЕВ, ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ: Мен ел тәуелсіздігінің құрдасы болғанымды мақтан етемін. Өйткен осы жылдары жоғары оқу орнын тәмәмдап, өнерлі жастармен жұмыс жасап бірнеше жетістіктерге жеттім. Сонымен қоса «Біз біргеміз» атты қайырымдылық шарамен айналыстым. Осындай деңгейге жеткізіп бар жағдай жасап отырған мен өз еліммен мақтанамын.

Дана Секенова Ақмола облысына қарасты зерделі Зеренді ауданында дүниеге келген. 2016 жылы Абай Мырзахмет атындағы Көкшетау университетін тәмәмдаған. Оқу оқып жүрген сәтте өнерге жаны құмар жастармен жұмыс жасауды қалаған. Бүгінде алға қойған мақсаты орындалып, арманына жетіп отыр.

ДАНА  СЕКЕНОВА, ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ: Облыстағы мәдениет саласында өнер адамдарымен бірге қызымет жасаймын. Біздердің жұмысымызға деген сүйіспеншілігіміз күн сайын артып келеді. Себебі барлық жағдай жасалған. Сондықтан биылғы 2021 жыл біздер үшін ерекше жыл. Өйткекні біз осы жылы тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойын тойлап жатырмыз.  Мен өз елімнің патриотымын.

Тәуелсіздіктің құрдастары – ел іргесін еңселі ұстауға бірден-бір себепкер тұлға. Олардың жетістігі – Тәуелсіздіктің халыққа берген оң ықпалының нәтижесі.

kokshetautv.kz

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, САБЫР ШЕРЯЗАНОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 244 раз